БАЛАБАҚШАДА ЕРТЕҢГІЛІК ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыр жұлдызы» балабақшасында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, айтулы азаматтарымыздың өмір жолын дәріптеу мақсатында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты ашық оқу қызметтері мен ертеңгіліктер өткізілді.
Оқу қызметі барысында бүлдіршіндер Тәуелсіздік туралы тақпақтар айтып, орталықтарға бөлініп, жұмыс жасады. Қазақстан картасына өз тілектерін айтып, жапсырды.
1986 жылғы батыр апа-ағаларымыздың батыл жігерлерінің арқасында, 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Тәуелсіздікке, еліне, жеріне деген отансүйгіштікті тәрбиеленушілер бойына сіңіре білді. Ертеңгілік барысында сонау желтоқсан құрбандары болған Қайрат пен Лаззат апаларының рөлін сомдаған балалар жүректерінде «Отан» деген патриоттық сезім ұялады.
Шара соңында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, Тәуелсіздігіміз мәңгі болып, көк байрағымыз көкте самғауына тілектерін білдірді.