МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Қатысушылардың алдында мектеп-интернаты директоры Рсалды Қалжанова сөз сөйлеп, бірнеше жылдардан бергі балаларға деген қайырымдылық көмегі үшін «Қазақстан орыстары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Владимир Толоконниковке алғысын білдірді.
Шарада мектеп-интернатының балаларына арнайы мерекелік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Жасыл шыршаны айнала ән айтып, би билеген балғындар Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық қойылымда сүйікті ертегі кейіпкерлері, Аяз ата мен Ақшақар балаларды келер жылмен құттықтап, тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарды сыйға тарта отырып, кештің көркін қыздырды.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі.