ІЗГІЛІК – ІЗЕТТЕН
Адам баласына қуаныш сыйлағанның өзі үлкен ғанибет емес пе... Әсіресе, үйінен онша шыға бермейтін, аурухана табалдырығын тоздырған балаларды қуанту – сауапты іс.
Ерікті жастардың ұйымдастыруымен «Жылы жүрек» атты тағы да бір ерекше шара өтті. Мұндай игі іс қалаға қарасты Талсуат ауылдық округіндегі емделу орталығында жалғасты. Шара мақсаты – ерікті жастар бүлдіршіндерді тек 1 маусым күні ғана емес, кез келген уақытта қуантып, үнемі пайдалы көмек беру.
Бұл жолғы игілікті іс өзгеше болды. «Art chaos» атты шарада балалар құм мен суға Эбру әдісімен сурет салып, қына және аквагриммен сәнденді. Бейнелеу өнерінің осындай ерекше әрі жаңаша бастауын оңалту орталығындағы балалар тұңғыш рет тамашалады.
Осы өнерге баулу балалардың болашаққа талпынысын, ұстанатын бағдарын, ізгілікке ұмтылысын арттыратын көрінеді. Өйткені, суға сурет салу өнері ішкі жан дүниеге терең бойлап, тың нәрсені ойлап табуға, шығармашылықты дамытуға мүмкіндік береді. Ал, құммен сурет салу әр баланың сезу, қиялдау қабілетіне әсер етіп, олардың қолдарын жұмыс жасауға икемдейді.
Қайырымдылық акциясы барысында сурет салудан бөлек баланың ойлау қабілетін арттыратын логикалық ойындар ойнатылды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқор болып жүрген ата-аналармен де жұмыс жасалады. Олар үшін психолог маман тренинг өткізді. Сонымен қатар, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында әсем әннен шашу шашып, ұйымдастырушылар балғындарға әртүрлі тәтті таратты.
Мұқтаж жандарға шынайы көңілмен мереке сыйлағысы келген жастар қауымы алдағы уақытта да түрлі бағытта қайырымдылық шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жаңадан құрылса да алға қойған мақсаттары айқын, сенімдері нық екені бізді де қуантты.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.