АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Кәсіби-дайындық мектебінің оқу-әдістемелік кабинетінде жас ұрпақтардың ардагерлерімен кездесуі өтті.
Іс-шара азаматтық қорғау органдарының құрылған күніне мерекелеуге орайластырылған.
Ардагерлер Қызылорда облысының жас өрт сөндіруші- құтқарушылармен кездесті, осыдан аз уақыт бұрын халыққа және Отанға қызмет етуге ант берген. Олар өздерінің қызмет іс-тәжірибелерімен бөлісті, отты күтпеген апатпен күресіп, адамдарды құтқаратын, жауынгерлердің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында ардагерлер мен кәсіби дайындық мектебінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Жанәбіл жас ұрпақтың, жеке құрамның өрт сөндірущілер және құтқару бөлімшелерінің қызметкерлерін патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізу үшін бірауыздан мақұлдады.
Қорытындылай келе ардагерлер болашақ ұрпаққа аталарын мен әкелерін ұмытып кетпестен, мақтан тұтып, бізбен бірге жоқ адамдарды құрметтеп, қиын жағдайға тап болған кезде ардагерлерге кеңес беруге баратындарын айтып берді.