АРДАГЕРГЕ СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ

Сондай бір кездесу кеші 2 қазанда азаматтық қорғау саласының ардагері Асылбек Ақбалаевтың отбасында болды. Осы ретте Төтенше жағдайлар департаменті бастығының кеңесшісі, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев оны туған күнімен және ардагерлер күнімен құттықтап, ұжымның ізгі лебізін жеткізді.
Асылбек Ақбалаев 1952 жылы 28 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 1976 жылдан мемлекеттік өрттен қорғау саласында қызмет атқарып, 1997 жылы зейнет демалысына шыққан.
Кездесуде ардагерге сый-сияпатын табысталды. Өз кезегінде ардагер Асылбек ағай да игі батасын беріп, қызметкерлердің жұмысына абырой тіледі.