Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕСЕН ЕЛЕУКЕН ЖАҢА АРНАҒА БАСШЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЕСЕН ЕЛЕУКЕН ЖАҢА АРНАҒА БАСШЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

     2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ойын-сауықтық «Tamasha tv» телеарнасы эфирге жол тартады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа телеарна OtauTV және iDTV пакеттерінде HD форматында қолжетімді болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта басқа да кабельдік операторларда SD форматта таратылатын болады.
Бүгінгі күні спутниктік ОТАУ ТВ операторының аудиториясы шамамен 900 000-ға жуық болса, ал ID TV-ді 413406 –ға жуық абонент қолданады.
«Tamasha tv» телеарнасының эфирі «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ішкі телеөнімімен толықтырылтын болады. Айта кетсек: «Әзіл әлемі» «Жайдарман», «Хаха-шоу», «Әзіл man», «Көңілді тапқырлар алаңы», «Қызық екен», комедиялық телехикаялар және т.б қызықты жобаларды ұсынбақ.
Сондай-ақ, жаңа телеарнада телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар эфирге қайтадан оралатын болады. Жаңа телеарна отандық телевизия әлемінде ойын-сауықтық, әзіл-сықақ жанрындағы бағдарламаларды кеңейтуді көздейді.
Телерадиокорпорация алдын-ала теленарықты зерттей келе, ойын-сауықтық контенттің көрермен арасында үлкен қызығушылық пен сұранысқа ие екенін ескерді. Қазіргі кезде телевизия әлемінде белгілі бір тақырыпты қамтитын әмбебап телеарналар кеңінен таралуда және арнайы аудиторияға бағытталғандықтан тұрақты түрде дамып келеді.
«Tamasha tv» телеарнасының орташа тәуліктік хабар тарату уақыты 22 сағатты құрайтын болады. «Tamasha tv» телеарнасының директоры боп Есен Елеукен тағайындалды.


29 тамыз 2018 ж. 1 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам