Аңшылық

Әйелдің сөзін жерге тастағысы келмей, амалсыздан мылтықты асынып, Өзгент көліне барды. Күн қасқарайып, қараңғылық жамыла бастады. Ысылдаған үйректің дыбысы көбейді. Жылдам ұшатын құс емес пе, көзі шалам дегенше төбесінен зуылдап өте шығады. Біреу кетті, екеу кетті, көздеп үлгермеді. Сосын зығырданы қайнады ма, қолын бір сілкіп, үйіне қайтты.
Не әкелдің дегендей, алдынан әйелі қарсы алды. Қолына ұстаған ештеңесі жоқ. Бос қайтқанын білді де: –Бұйырмаған екен ғой, — деді.
Сөйтсе Елекең: –Үйрек деген аспанда болады екен, мен жердемін, екі аралықтың табысуы үйлеспей-ақ қойды, –депті.
Қ.Құрбан