Жаңақорған ауданында үйрек шаруашылығы дамуда
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.
"Бүгінде ауданда "1 ауыл - 1 кәсіп" жобасы қолға алынуда. Мәселен, Жайылма ауылы бірыңғай қарбыз дақылын, Келінтөбеліктер қарбыз, көкөніс өсірумен, Ақүйік ауылының тұрғындары болса үйрек шаруашылығымен айналысады. Қазіргі кезде Ақүйік ауылдық округіндегі «Қаратау-Ақүйік» АӨК –нің мүшелеріне үйрек шаруашылығын дамыту мақсатында Қызылорда өңірлік ивестициялық орталығы арқылы жеңілдетілген несие алып жұмыс жасауда. Атап айтқанда бүгінгі күнге 33,5 млн.теңге несие алып 8756 бас үйрек сатып алып өз шаруашылығын дамытуда", - деді Ғ.Әміреев.
Қазірде Қызылорда қаласындағы «Береке» құс шаруашылығына 4212 бас үйрек өсіріліп, бордақыланып етке өткізілді.
Сонымен қатар, Жаңақорған ауданында тіркелген 49 кооперативтің 7-і белсенді жұмыс жасап жатыр.