Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ПІТІР ЖИНАЙТЫН ЫДЫС

ПІТІР ЖИНАЙТЫН ЫДЫС

   «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садақасы» дейтін халқымыз шариғатта уәжіп етілген парыздарды да аяқ асты қалдырмаған.  Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – «Ақмешіт» музейінде сақтаулы тұрған пітір садақа жинауға арналған ыдыс жоғарыдағы сөзіміздің айқын дәлелі десе болғандай. Демек, ата-бабаларымыз сонау ықылым заманның өзінде күллі мұсылман жұртына міндет етілген парызға бейжәй қарамай, дін жолынан таймайғандығын аңғарамыз.  
Бұйым дөңгелек ағаштан ойылып жасалған. Екі шетіне мыстан жасалған шеңбер ілгек орналастырылып, оған былғарыдан өрілген жіп тағылған. Жалпы ұзындығы 11 см, аузының ұзындығы 6 см 5 мм, ішінің тереңдігі 3 см-ді құрайды. Ал, былғары жіптің ұзындығы 40 сантиметрден асады.     
           – Ғасырдан астам тарихы бар бұл жәдігер діни үрдісті біздің ата-бабаларымыз да берік ұстанғандығын дәлелдейді. Олар садақаны осындай арнаулы ыдыстарда жинап отырған. Келушілер жәдігердің жасалуына, қанша уақыт өтсе де, өз сынын жоғалтпай сақтағанына таңданысын білдіріп жатады. Ол бүгінде бізде құнды әрі өте көне экспонаттар қатарында. Музей қорына 1982 жылы алынып, КЗМКП №4049 АКТ № 99 нөмірімен тіркелген, – дейді филиалдың экскурсовод қызметкері Раиса Алдоңғарова.
                                                                                                                             Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
19 ақпан 2018 ж. 1 976 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам