Омарташы Ерік
Қазіргі таңда омарта шаруашылығы ешкімге таңсық емес. Десе де біздің аймақта оны кәсіп еткендер некен-саяқ. Бірақ, қызығушылық танытып кәсіп көзіне айналдыруға ниет білдіргендер көбейіп келеді. Сондай азаматтың бірі Ерік Тасыбаев Жалағаш ауданында тұрады.
Кейіпкеріміздің бұрын-соңды көріп, білмеген дүниені іске асыруына дастарханынан үзілмейтін балға деген құмарлық себеп болса керек. Бір жағы табиғи таза өнімді тұтынуды да көздейді. Осылайша ойда жоқта омарташыға айналып шыға келеді.

– Отбасымызбен балды жақсы көреміз. Жиі тұтынатындықтан соны өзіміз өндірсек қалай болады деген ой келді. Осылайша омарташылыққа бет бұрдық. Бастапқыда ара шағып, өзімізге де, өзгеге де зиян келтірмейміз бе деген қорқыныш болды. Сонда да тәуекел еттік. Ара өсірудегі қажетті дүниелерді ғаламтор желісі арқылы зерттедім. Сөйтіп алғашқы қадам жасадым. Бастапқыда бұл ісімізді ешкім білмеді. Көршілер арасында «қаптаған ара қайдан келген?» деген сынды әңгімелер жүрді. Кейін арнайы жәшігін әзірлеп, нақты іске кіріскен кезде білді ғой. Ал, алғашқы өнім шығара бастағанда жан-жақтан сұраныс артты, – дейді ол.
Аймақтың ауа-райы ара өсіруге қолайлы екен. Аудан аумағында көбіне жантақ, шеңгел сынды бұтақты өсімдіктері көп. Сондықтан негізгі өнім содан алынады. Ал, одан әрі қарай бал аралары үшін қызу тірлік басталады.
– Ара өте еңбекқор келеді. Жаздың аптап ыстығында бал жинауға 3-4 шақырымға дейін ұшып кетеді. Жинағанын балауыз торға құйып, толтырады. Тіршілігі солай жалғаса береді. Қазіргі кезде оны жинауда уақытты үнемдеу үшін көбіне қолдан жасалған торлар қолданылады. Оны арнайы жасалған жақтауға орналастырып, жәшікке саламыз. Негізі жұмысшы аралар балды жәшіктегі аналық араға тасиды. Соған қызмет етеді. Әрқайсысының өзіне жүктелген міндеті бар. Біреуі бал тасыса, енді бірі балауыз торды тазалайды, іштегі аналық араның балаларын тамақтандырады. Бір қызығы олар тазалықты өте жақсы көреді. Артық ауыс дүниелерді сыртқа шығарып тастайды, – дейді олардың тыныс-тіршілігін зерделеген кейіпкеріміз.
Байқасаңыз, олардың күнделікті күйбең тірлігі адамдардың өміріне ұқсас. Еңбектену, күресу, ұрпақ дамыту – оларға тән құбылыс. Әсіресе, омарташы Еріктің жәшік алдында күзетші ара болады дегені еріксіз таңғалдырды. Олар жұмысшы араларды есіктен кіргізіп тұрады екен. Бал әкелмеген жалқауы ішке ене алмайды. Арасында ұрлыққа түскісі келгендерді аңдиды. Тіпті, сол үшін «төбелесіп» қалуы
да мүмкін.Олардың біздің өмірімізге ұқсас тағы бір тұсы бар. Мәселен, ұядағы аналығы күніне 25 жұмыртқаға дейін салады. Сөйтіп, ол күн сайын көбейіп отырады. Бір айға жетер-жетпес уақытта араға айналады. Егер соның ішінен тағы бір аналық ара пайда болса, онда оған еншісін береді. Яғни, қасына жұмысшы араларды қосып бөлек шығарады. Осы сәтте омарташылар тағы бір жәшікті әзірлеп, оған жаңа отбасыны қоныстандырады. Кейін оларда алдыңғы ізбен өз күндерін көреді. Осылайша аралар еншіленген сайын бал өндірушілердің өнім көлемі де арта түседі.

Сондай-ақ, бір жәшікте 50-60 мыңға жуық ара тұрады екен. Табиғаттың ерекше жаратылыс иелері ондағы балауыздар толғанда бетін жауып тастайтын көрінеді. Бұл бір жағы тазалықтың, бір жағы қор жиналғандығының белгісі болса керек.
– Бұл – көп шығын шықпайтын, пайдалы әрі табысты кәсіп көзі. Шикізатты өздері әкеледі, өздері өңдейді. Біз тек соңғы сатысына қатысамыз. Ал, қыстыгүні балды дұрыс жинай алмағанына шәрбәт жасап береміз. Қыс бойы соны азық етеді. Лайықты жинағандары өз-өздерін қамти алады. Жұмыс барысында арнайы киім мен құрал-жабдық пайдаланады. Балды жылына үш рет көктем, жаз, күз мезгілінде жинаймыз. Әр жәшіктен 40-50 келіге дейін өнім алынады. Оны сүзгіден өткізіп, сол күйінше қолдана беруге болады, – деді Ерік Серікұлы.
Жалпы, омарта шаруашылығы елімізде Кеңес заманы тұсында дамыған екен. Сол уақытта Қазақстан бұл жөнінен Ресей мен Украина, Белоруссиядан кейінгі орында болған. Тоқсаныншы жылдардың тоқырау кезінде саладағы бал өндіруші ірі кәсіпорындар жабылып, дағдарысқа ұшырайды. Салдары айтпаса да түсінікті. Қазіргі таңда бұл ақырын жолға қойылып келеді. Десек те мұны кәсіп еткісі келетіндер әлі де аз. Оған қоса зерттеушілер бал арасының жылдан-жылға азайып бара жатқандығын алға тартады. Бұл да табысты саланың кері кетуіне өз әсерін тигізетіні анық.
Қалай десек те емдік қасиетке ие өнімді өндіруден еш ұтылмасымыз анық. Бұл бағыттағы шаруаға дендеп кіріссе, өнімді де, өндірісті де өркендетуге мүмкіндік барын айтады мамандар. Ал, омарташы
кейіпкеріміз әуелгі кезде тек өздеріне тұтыну үшін қолға алған істің аясын кеңейтсем деген ниетте.
Оған табиғи өнімге деген жұртшылық сұранысының артуы себеп болуда.
Оған табиғи өнімге деген жұртшылық сұранысының артуы себеп болуда.
Айдана САЙДУЛЛАҚЫЗЫ