Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Асхаттың арманы

Асхаттың арманы

  Асхат Сағи шағын болса да, өзінің кәсібін ашып, тіршілік еткенді алдына мақсат етті. Әдетте оған қаржы қолбайлау болып жатады. Ол өңірде іске асырылып жатқан «Zhas project» туралы естіп,  сол бағдарлама бойынша бағын сынап көруге бел буды. Осылайша достарымен ақылдасты, бизнес-жоспар құрды. Жобасы қолдау тауып, 1 миллион теңге көлеміндегі грантқа қол жеткізді.
Жаңа жоба негізінде жұмыста басталды. Қазір Асхат шаруасын дөңгеленте бастады. Бағдарлама талабы бойынша Айнакөл ауылында тұрмысы төмен жеті отбасыны тегін сүтпен қамтамасыз етіп отыр.
– Мал шаруашылығын жақсы көремін. Берілген мүмкіндікті пайдаға жаратып, өз ісімді бастауды жөн көрдім. «Сүт – дәрумендер көзі» жобасын іске асыру үшін төрт адамнан топ құрдық. Жан-жақтан келген мамандар арнайы оқу тренингін өткізді. Жобамыз қолдау тапты. 1 миллион теңге қайтарымсыз қаржы алдық. Оған үш бұзаулы сиыр мен жем-шөбін сатып алдық. Мақсатымыз – сиыр сүтін кәдеге асыру. Ісімізді жүргізе отырып, балаларға да сиыр сүтін тегін беруді жөн деп таптық. Сүт өнімдерін отбасылық жағдайы төмен, жалғызбасты ана, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек ретінде ұсынамыз. Қайтарымсыз несие ғой. Алайда, ісіміз болғандықтан алты ай бойы қадағаланады, – дейді  Асхат.
Аймағымызда 2018-2020 жылдары кәсіпкерлік жылы деп белгіленіп, аталмыш саланы дамыту сан қырынан көрініс тауып келеді. Тәуекел етіп, кәсіп бастауға көптеген мүмкіндік бар. Өңірде  кәсібін бастап, нәтижесін көрген азаматтар саны артты. Негізі, ауылда да кәсіп ашып, оны кеңейтуге әбден болады. Оған ниет керек. Әсіресе, мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол.    
– Қазір кәсіптің түрі көп. Кілтін тапқан ісін дөңгелентеді. Алдағы уақытта мал басын көбейтуді жоспарлап отырмын. Әрине, бәріне уақыт –төреші. Қолдан келгенше осы саладағы жұмысымды жүргізе бермекпін. Мемлекет бізді қолдады, біз енді ел игілігі жолында тер төгуге тиіспіз. Еңбегінің ескерілгені де адамды шабыттандырады. Ауыл тұрғындары бізге өз ризашылығын жеткізеді. Сол кезде тәуекел етіп, осы істі бастағаныма қуанамын. Мал басы көбейіп, шаруашылық үлкейе түссе, мұқтаж жандарға көмектесуді парызым деп білемін. Қамқорлық көрсетіп отырған мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосқым келеді,– дейді Асхат Сағи.
         Аталмыш жоба жастарды қоғамдық өмірге және олардың бастамашылдығын дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда өңірдегі жастар жемісін көре бастады. Осындай нәтижелі жұмыстардың негізінде облыс орталығында кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
16 ақпан 2019 ж. 1 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам