Қызылордадан Алматыға сексеуілді заңсыз тасығандар ұсталды
Қызылордада облыстық табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері Алматыға 22 тонна сексеуілді заңсыз тасыған жүк көлігін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізушінің берген мәліметі бойынша, сексеуіл ағашын бұған дейін де Қызылорда қаласынан Алматы қаласына тасымалдаған. Сексеуілді рұқсатсыз кесуден мемлекетке елеулі шығын келді. Аталған дерек Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасының Ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Тергеу реттілігі бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жолданды. Қазіргі таңда полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысының табиғатты қорғау прокуратурасынан.