«ЗАМАН-АЙ» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ БОЛАДЫ
Нартай Бекежанов атындағы театрда – премьера! Үстіміздегі жылдың 2 желтоқсанында өнер ұжымы М. Серікбаевтің «Заман-ай» драмасын көрермен назарына ұсынады.
Алпауыт өмірдің қандай сынақ дайындап тұрғанын біліп болмайсың. Жайбарақат өмір сүріп жатқан сәтте белгілі бір нәрсе сол тыныштықты бұзады кеп. Бұл өмірдің заңдылығы-ау шамасы. Ұлын қалаға аттандырып, артынан үлкен үмітпен қалған ата-ана. Жалғызының жан рахаты үшін жайлы өмірлерін тәрк етіп қалаға келгенде қандай жайтқа тап болды? Кімнің таңдауы басымырақ болып шықты? Ал, сіз сырттағы балаңыздың қандай тірлікпен айналысып жүргенінен хабарыңыз бар ма?
Ауылдағы жайбарақат көріністен қаладағы нәхар тірлікке ауысатын спектакльде жаныңызға түйетін көп дүниенің бары анық. Ойыңыздан дәл түсіп, қызықтырған болсақ, ата-ана өмірін дүр сілкіндерген тосын жайтқа куә болғыңыз келсе спектакльді жіберіп алмаңыз, көрермен!