Қазалыда қайғылы жағдай орын алды

Оның айтуынша, қайғылы оқиға Әйтеке би кентінде 29 қазан күні кешкі сағат 4 жарымдар шамасында тіркелген. Мерт болғандар 600 орындық мәдениет үйін салып жатқан «ҚазҚұрылысСервис» серіктестігінің жұмысшылары болып табылады. Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 4-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Нәтижесінде қауіпсіздік талаптарының қаншалықты сақталғаны, қайғылы жәйттің себептері анықталуда.
– Мәдениет үйінің құрылыс жұмысы 2018 жылдың шілде айында басталған. Жалпы сомасы 948 млн теңгені құрайтын нысанның аумағы 3076 шаршы метрді құрайды. Құрылыс мекемесі 2006 жылы тіркелген. Қаза тапқан қос жұмысшы шамамен екі ай бұрын еңбек шартымен жұмысқа орналасқан, – деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов.
Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА