Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасары" қалалық байқауы өтті

"Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасары" қалалық байқауы өтті


Әли Мүсілімұлы атындағы 101 мектеп-лицей базасында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасары-2019" қалалық байқауы болып өтті.
Байқау 5 кезеңді қамтыды. Бірінші кезең бойынша қатысушылардың кәсіби біліктілігін, білімін тексеру мақсатында 30 сұрақтан құралған тест жұмысы алынды. Тест нормативтік құжаттар, психология, педагогика, аттестаттаудың жаңа жүйесі, жаңартылған мазмұн, деңгейлік бағдарламалар және критериалды бағалау аясында құрастырылды. Екінші кезеңде "Заманауи жағдайда мектептегі оқу үдерісін басқару қызметі бойынша таныстырылым қорғалды. Байқаудың келесі кезеңінде сайыскерлерді бастамашылдыққа, шығармашылық ізденіске, креативті іс-әрекетке бейімдеу мақсатында сабақты талдаудың жаңаша үлгісін ұсыну тапсырылды. Төртінші кезеңде қатысушылар білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестерін көрсетіп, "Менің жетістігім-мектебімнің мерейі" тақырыбында ТЕД форматта бейнеролик көрсетіп, соңғы кезеңде "Менің жетістігімнің формуласы" тақырыбымен озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында авторлық бағдарламаларын ұсынды.
Жақсы нәтиже көрсеткен барлық орынбасарлар жүлделі орындар алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әділқазылардың қорытынды шешімі бойынша 101 мектеп-лицейдің орынбасары облыстық кезеңге жолдама алды.
24 қараша 2019 ж. 1 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 594 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам