ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ СЕНБІЛІГІ ӨТКІЗІЛДІ

Өткен аптада жеке сектордың 7234-ден астам тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтау туралы жадынамалар ұсынылды. Үгіт-насихат жұмыстарын өткізу барысында мамандар жеке сектор тұрғындарына жылыту пештерін дұрыс қолдану және мұржаларға басты назар аудару туралы айтты. Олар сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы өміріміздің аман қалуына септігін тигізетінін еске салды.
Жылыту маусымы басталғаннан бері тұрғын үй арасында 31 өрт және бір көмір қышқыл газына улану дерегі тіркелген, улану себебі көмірдің сапасы төмен болғандығынан орын алған.