Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ КЕШІ ӨТТІ

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ КЕШІ ӨТТІ


Достық үйінің фойесінде неміс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен 50-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балаға арналған жаңажылдық кеш өтті.
Кешке «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев, «Славяне» қоғамдық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина, өзге де этнос өкілдері және ата-аналар қатысты.
Жаңа жыл мерекесіндегі шырша кешінде балғындар үшін қызықты мерекелік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті.
«Wiedergeburt» неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек сөз сөйлеп, барша балғындарға жаңа жылдық жақсы тілек арнады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына қайраттылығы үшін алғысын жаудырды.
Кеш соңында барлық қатысушы балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, неміс этносының әзірлеген дастарханы жайылды.
Өз кезегінде ата-аналар ұйымдастырушыларға рахмет айтып, ризашылығын білдірді.
23 желтоқсан 2017 ж. 1 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам