Қызылордада заңсыз аңшылықпен 2 азамат ұсталды
5 желтоқсанда Сырдария ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында Айдарлы елді мекенінен 10 шақырым жерде «Иж Планета» мотокөлігін басқарып жүрген 2 азаматты тоқтатып тексеру барысында, 11 – дана қоян, 2-ұнғылы 16 калибірлі мылтық және жарық шамдарын анықтады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер аталған тұлғалардың кінәсі дәлелденсе, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі