Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мәдениет мәйегі

Мәдениет мәйегі

   Қойнауы тарихқа, мәдениет пен өнерге тұнған Сыр өңірі – қашандаалаш баласына киелі мекен. Жергілікті жұрт ұлттық дәстүрді көзінің қарашығындай сақтап, кешегі саф өнердің қаймағын бұзбай бүгінге жеткізді. Сол қастерлі өнердің бәсін жоғарылатуда Қызылорда қаласының алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қалалық мәдениет үйі, клуб және халықтық ұжым, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, мәдени-демалыс паркі кіреді. Сондай-ақ, биылдан бастап сол жағалаудан ашылған қалалық тарихи музейі де осы аталған бөлімнің  теңгеріміне берілді. Осылайша бөлімге қарасты 35 мәдени нысан халыққа қызмет көрсетеді.
– Жыл басынан бері мәдениет саласында 675 іс-шара өткізілді. Оның жартысына жуығы кент және ауылдық округте ұйымдастырылған. Біздің бөлім тарапынан да ауқымды шаралар өтті. Атап айтсақ, Жастар жылына орай көптеген маңызды шараларға басымдық берілді. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларында мәдениетке ерекше мән берілді. Олар сала қызметкерлеріне көптеген міндеттер мен мақсаттарды жүктеді. Осыған орай жас ақындар айтысы, алыс-жақын шет елге аты таныс «Самғау» аяқкиім шеберханасының негізін қалаушы шебер Самғау Нәсіпхан мен әнші, кәсіпқой боксшы Ескендір Ибрагиммен «Сырдағы сұқбат» атты кездесу болды. Сонымен қатар, облыстық «Бұрымды ару» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов қала әкімдігінің баспасөз мәслихатында өткен брифингте.  
Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын, отбасы құндылығын ұрпақ бойына сіңіріп, ене мен келін арасындағы сыйластықты дәріптеу мақсатында «Ізет. Иба. Парасат» атты қалалық байқау өткізілген. Ал, жергілікті жұртшылық режиссер, суретші, сценарист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдірашпен кездесті. Онда «Қазақ хандығы» киносериалының екінші маусымы «Алтын тақ» туындысы көрсетілді.
Жастардың бос уақытын көңілді өткізу мақсатында апта сайын орталық алаңдағы «Өнер» арбаты мен «Arai City Mall» сауда және ойын-сауық кешенінің фойесінде «Өнер бұрышы» ашылып, әртүрлі бағытта шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінде балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, өнерге баулу мақсатында әннен «Сыр сандуғаштары», жас ақындардың «Қауырсын», көркемсөзден «Сөз маржан», биден «Спектр», суреттен «Қылқалам» үйрмелері жұмыс істейді. Тағы да осы секілді домбыра, хор, жайдарман, театр, жыр-терме бойынша сала мамандары жасөспірімдерді баулуда. Онда халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда топ жарып, үлкен жетістікке жетіп жүр.
Соңғы жылдары Сыр өңірінде тарихи-мәдени ескерткіштер қатары артты. Қазіргі кезде қала көлемінде 78 ескерткіш бар. Оларды сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүрігізіліп, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленген. Бүгінде, қала көлеміндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді идеологиялық құрал ретінде пайдалану мақсатында жыл басынан бері 60-тан аса мәдени шара, әдеби оқулар, кітап көрмесі өткен.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі  бойынша 21 кітапхана, оның ішінде 10 – қалалық, 8 – ауылдық, 3 – балалар кітапханасы жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді.  Ондағы кітап қоры 636 мың данадан асады. Айта кету керек, бұл жерде интернет қызметін қолданатын оқырмандар саны жыл сайын артып отыр.
Биыл қалалық мәдени және демалыс паркі 1 мамырдан бастап 30 қыркүйекке дейін халыққа қызмет көрсетті. Мұнда 93 аттракцион 17 жазғы кафе, 30 сауда дүңгіршегі, 2 фотосалон бар. Сондай-ақ, парк аумағында  жеке кәсіпкерлер есебінен жаңадан отбасылық «Автодром», «Төмпешіктен сырғанау» аттракционы, домалақ резеңкелі шармен соқтығысу алаңы және балаларға арналған ойын автоматтары орналастырылды. Сонымен қатар, заманауи шағын футбол алаңы салынды. Есепті мерзімде парктің сахнасында әртүрлі бағытта 75 мәдени іс-шара өткізілген.
Аталған бөлім алдағы уақытта да осындай үлкен шараларды жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отыр. Оның ішінде ерекше айта кететін айтулы мереке Тәуелсіздік күнін тойлау – басты назарда.
Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ
19 желтоқсан 2019 ж. 949 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 040 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам