Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Емдеу орнының қызметі ерекше

Емдеу орнының қызметі ерекше

    Облыс орталығында «Q-med» жаңа емдеу орталығы ел игілігіне берілді. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты.
          Аталмыш емдеу орны бұған дейін Ресейдің Новосібір қаласындақызмет атқарған болатын. Заманауи технологиямен жабдықталған орталықта ересектер мен балаларға бірегей емдеу үрдісі жасалады. Емдеу орны ағзаның иммунитетін қалпына келтіруге негізделген. Бүгінге дейін онда 4 мыңнан аса адам кеңес алып, 3600 науқасқа кешенді ем жүргізілген.
          Денсаулық саласындағы үздік көрсеткіштің нәтижесінде «Q-med» емдеу орталығы өз аясын кеңейтуді көздейді. Бұл бағытта шара аймағымызда жалғасын тауып, қызылордалықтар үшін тарту болды.
          – Елімізде ұлт пен ұрпақ саулығын алдыңғы орынға қойылған. Осы бағытта медицина саласына барынша қолдау жасалған. Облыс бюджетінің де басым бөлігі осы салаға жұмсалады. Бүгінде өңірде халыққа сапалы қызметін ұсынатын жеке емдеу мекемелері көбейіп келеді. Соның бірі ретінде осы орталықты айтуға болады. Бұл бастаманың тек медициналық тұрғыда емес, әлеуметтік жағынан да тиімділігі зор. Қазір мұнда 25 адам еңбекпен қамтылған. Оның 14-і жас маман, 4-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Оған қоса өңірдегі мемлекеттік және жеке медициналық колледж студенттері осында тәжірибеден өтуге мүмкіндік алып отыр, – деді облыс әкімі.
          «Q-med» орталығы 2016 жылы медицина ғылымдарының докторы, профессор Ашот Хачатрянның «Халықаралық Денсаулық Академиясы» клиникасының аналогы ретінде ашылған.
«Ақмешіт-ақпарат»
24 желтоқсан 2019 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 441 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам