Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қала әкімі бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Қала әкімі бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады

   Кеше, қалалық оқушылар сарайында қала әкімінің бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық мерекелік шарасы өтті. Ғажайып мереке биылғы жылы «Сиқырлы Жаңа жыл» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар сарайы бүлдіршіндер үшін жаңалық пен жұмбаққа толы таңғажайып ертегілер мекеніне айналды.
Жаңа жылдық мерекелік шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасының балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 100 бала қатысты.
Ертеңгілік оқушылар сарайының өнерпаздары әзірлеген ән мен бимен сүйемелденіп, «Малефисента» атты заманауы балалар ертегісіндегі кейіпкерлердің бірі Малефисента, Аврора және сиқырлы перизаттар Қызылорда қаласының сиқырлы әлеміне саяхат жасап, ақылды қаланың жетістіктеріне тамсанып, қаланың өзіне тән ерекшеліктерін бейнелеген көрініс тамашалады.  
Ал, балғын балалар Жаңа жылдық шараның басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды өз өнерлерімен тамсандырды.
Шарада балаларға жаңа жылдық тарту ретінде түрлі сыйлықтар (планшет, тәттілер, жұмсақ ойыншықтар) табысталып, қала әкімі балаларға арнайы әзірленген жаңа жылдық тортты үлестірді.
Шара соңында, барлық қатысушы бүлдіршіндер мерекелік дастарқаннан дәм татты.
Осылайша, балғын балалар Жаңа 2020 жылға ерекше көңіл күймен қадам жасады.
26 желтоқсан 2019 ж. 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 217 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам