Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Денсаулық – зор байлық

Денсаулық – зор байлық

 Ұлт денсаулығын сақтау – мемлекет назарындағы басты мәселе. Бүгінде медицина саласында түрлі мемлекеттік бағдарлама жүзеге асып, жыл сайын қыруар қаржы бөлінуде. Нәтижесі де жоқ емес. Соңғы жылдары облыстық денсаулық сақтау саласы жоғары жетістікке жетіп отыр. Соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықпен қамтылып, елдің игілігіне айналды.
Атқарылып жатқан жұмыстар барысы өңірлік коммуникациялар орталығында бір топ сала мамандарының қатысуымен баспасөз мәслихатында кеңінен айтылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарлары Олжас Ысқақов пен Баян Бұрамбаева, облыстық көпбейінді орталықтың бас дәрігері Нұриддин Әмитов, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Гүлнар Жұмашева және №3 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлстан Мақсұтова келді.
Брифинг еркін форматта өткізілді. Сала басшыларына журналистер көкейінде жүрген сауалын қойып, халықтың мұң-мұқтажын жеткізді. Осылайша баспасөз мәслихаты ашық пікір алаңына айналды.
– Соңғы 4 жылда «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақта аталған саланың құрал-жабдықпен қамтылуы 53 пайыздан 78,5 пайызға жетті. Ал, облыс халқының өмір сүру ұзақтығы 72,9 жасқа, жалпы өлім көрсеткіші 4,7 пайызға төмендеді. Қатерлі ісікті І-ІІ сатысында анықтау 6,9 пайызға артып, кеш анықталу көрсеткіші айтарлықтай азайды. Аталған жобаның басты мақсаты – халықтың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу. Сондай-ақ, ана мен бала, туберкулез, қатерлі ісік, жүрек-қан тамыры ауруларынан туындайтын өлім көрсеткішін төмендету бағытында нәтижелі істер атқарылды. Бұл тұрғыда біздің облысымыз мақсатты индикаторға қол жеткізді. Ал, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету үшін аймақта «Медицина – пациент» жобасы жүзеге асырылды. Мәселен, қант диабеті, созылмалы жүрек ауруы, қан қысымымен диспансерлік есепте тұратын науқастар мен медицина қызметкері арасында әлеуметтік-ынтымақтастық келісім жасалды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олжас Ысқақов.
Елімізде ана мен бала денсаулығы – басты назарда. Десе де, аймақ бойынша бір жасқа дейінгі нәрестенің шетінеуі азаймай тұр. Осыған орай облыстық пренаталдық орталығының бас дәрігері Гүлнар Жұмашева:
– Бір жасқа дейінгі баланың шетінеуіне шала туылуы тікелей әсер етеді. Олардың көбісі 500 грамм салмақпен дүниеге келеді. Ол ата-анасының денсаулығына тікелей байланысты. Мәселен, араға уақыт салмай босану, жүктілік кездегі ісік, қан қысымының жоғары болуы әсер етеді. Соңғы төрт айда әйелдердің уақытынан ерте босану бойынша 183 жағдай орын алып, 14 пайызды құрады. Сондай-ақ, биыл ана өлімі тіркелген жоқ, – деді.
Одан кейін БАҚ өкілдері тарапынан әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен ана мен бала орталығында босанған ана Күлайша Нұрғалиеваның қазіргі жағдайы туралы сауал жолданды. Оған Гүлнар Жұмашева жас ананың отадан кейінгі жағдайы жақсы екенін, зертханалық қортындының қалыпты деңгейге түскенін айтты.
Бүгінде Сыр өңіріндегі медицина саласында маман тапшылығы айқын сезіледі. Алайда, өткен жылы 205 маман жетіспесе, биыл бұл көрсеткіш 151-те төмендеді. Оның ішінде аймақтық дәрігер аз. Осы мәселені жою мақсатында жыл сайын облыс әкімінің гранты бөлініп отыр. Қазіргі кезде олардың алғашқы легі елге келіп жұмыс істеуде. Мәселен, №3 қалалық емханада дәрігер жетіспеушілігі анық байқалады. Қазіргі кезде бұл медициналық ұйымда 37 учаске бар. Оларға тек 20-дан астам жалпы практикалық дәрігер қызмет көрсетеді. Емхана бас дәрігері Гүлстан Мақсұтованың айтуынша, қазір 11 маман бала күтімінде үйде отыр. Алдағы уақытта олар жұмысқа қосылса, мұндағы кемшіліктің орны толмақ.
Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ
31 желтоқсан 2019 ж. 932 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам