Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Өнер ұжымының жоғары бағасы

Өнер ұжымының жоғары бағасы

    Талай-талай сахна тарландарының жұлдызын жағып, бағын ашқан Нартай Бекежанов атындағы драма театры бүгінге дейін 500-ге жуық қойылымды көрерменге ұсынды.
Биыл жарты ғасырдан астам тарихы бар өнер шаңырағына ҚР Үкіметінің №800 қаулысымен академиялық мәртебесі берілді. Әрине, бұл – Сыр өнерінің дамуына, жоғары деңгейге көтерілуіне саналы ғұмырын сарп еткен өнер иелерінің еңбегінің еселі жемісі. 
Бұл – жетекші және тарихы бай театрларға берілетін құрметті атақ. Ол 1919 жылдан бастап енгізілген. Алғашқы академиялық театр атағы Ресейдің байырғы музей және драма театр ұжымдарына берілді. Елімізде 1937 жылы Қазақ драма театрына, 1941 жылы Қазақтың опера және балет театрына осындай дәрежеге ие болды. Елімізде академиялық атақ берілген санаулы ғана өнер ошағы бар. Биылдан бастап солардың қатарына Сыр өңірінің театры да қосылды.
Соңғы жылдары өнер ордасының материалдық базасын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ, бүгінде ұжымды жас мамандармен қамтып, репертуарды жаңа қойылыммен толықтыруға барлық жағдай жасалған.
Қазіргі кезде театр репертуарында көптеген жанрды қамититын қойылымдар сахналанып келеді. Олар көрерменді бірде күлдірсе, бірде терең ойға батырады. Атап айтқанда, Т.Жүргенов туралы «Темір нарком», атақты ақын А.Құнанбаев туралы «Абай» қойылымы көрермен тарапынан жоғары бағасын алды.
Ақмарал ҚАДЫРХАН
31 желтоқсан 2019 ж. 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам