Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қоршаулар мен құрсаулар

Қоршаулар мен құрсаулар

   Ауылдың мамыражай тыныс-тіршілігі. Ондағы ағайынның бәрі де тату-тәтті күн кешуде. Кім болса да туған жерін аңсап, әрқашан сағынып тұратыны шындық. Себебі, ауылдың табиғаты әсем, ауасы да бөлек, адамдары да ерекше. Бір-бірімен емен-жарқын амандасып, күнделікті жағдай сұрасып жатады. Ауыл жайлы әңгіме қозғала қалса төрт түлік мал мен арқа-жарқа амандасқан ағайын, қалжыңбас құрдастар бейнесі көз алдыңа көлбең қағатыны рас. Бұл күнде заман ағымына қарай мұндағы қарым-қатынас та өзгерген. Бір кездегі әдемі қалыпты бүгінде үйдің өзімен тең қоршалған темір қоршаулар бұзып тұрғандай көрінеді.
Қаладағы зәулім үйлер мен ғимараттардың әдемі темір қоршаумен құрсалғаны адамды қызықтыратыны анық. Қарасаң, көзің тоймайды. Енді бұл үрдіс ауылдық жерлерге де келіп жетті. Бүгінде бай да, кедей де бір қа¬лыпты өмірге үйрене бастаған. Жасыратыны жоқ, сонау екі мыңын¬шы жылдардан бері жұрт жаппай зәулім үй салуға көшкен. Қалтасы қалыңдар да, жұқала-рының да жүйкесін тоздырған мәселе үйді қалай қоршаудың амалы. Бәлкім, бұл ұрлық-қарлық пен қара күшке сүйенгендерден сақтанудан туындаған жағдай болар. Өйткені, 90-жылдары, қылмыс өршіген кезеңде қалада дуалдар, қоршаулар көбейіп кетті. Ха¬лық қорғанудың бір амалы ретінде қамал салуды әдетке айналдырды. Бірақ оның ұс¬қыны жағынан қалай боларын, өзге¬лер¬ге қалай көрінетіндігін ешкім ойламаған сыңайлы.
Иә, үйді сан түрлі құ¬ры¬лыс материалдарымен қоршау әлемнің әр шалғайында кездеседі. Дегенмен, қоршаудың ішкі жағы қорқы¬ныш пен үрей шақырады. Абалаған ит¬тер¬дің даусын естіп, қаптаған камера мен қа¬рулы күзетке қарап, өзінен-өзі қорқатын адамдардың тіршілігінен түңілесіз.
Хан сарайындай үй салған, оның тең жартысы темір қоршаумен құрсалған.
– Қалада көршіге кіру қиынның қиыны. Даңғарадай дарбазаны құлыптап қояды. Қоңырауды басып тұрғаның. Емін-еркін араласа алмайсың. Бұл қазақы қалпымызға жат секілді. Ата-бабамыз көрші-қоңсылар арасындағы қарым-қатынасты үзілмейтін дәстүрге айналдырған. Олардан «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деген қанатты сөз қалған. Ұлтымызда жұртқа жаңа қоныстанған үй иелерін «ерулікке» шақыру деген жақсы дәстүрі болған. Мақсаты – бейтаныс көршімен танысу, араласып дәмге шақырып, сыйласу. Оларды өзіне жақын тартып, керек болса, көмектесіп, көршілердің аяққа тұрып кетуіне жәрдем беру. Бұл ізгі дәстүр кейін келе таныса да, танымаса да, барлық көршімен жақсы тұру үшін халқымыздың сана-сезіміне сіңіп кетті. Ал қазіргі уақытта кейбіріміз тіпті айналамыздағы көршілерді танымаймыз да, – дейді қала тұрғыны Нұрхан Жүнісбаев.
Расында, үйіне адам кіріп шықпайтын болса, ауласы түрмеге ұқсайтын биік баспаналар сонда не үшін? Оның ішкі жа¬ғын¬да оқыс жағдай болса да сезілмейді. Осындай қамал қоршауларды ауыл тұрғындары да жарыса салуда. Соның әсерінен, бүгінгі таңда әркім өз ауласынан шықпайды. Бұл адамдардың бір-бірімен қа¬рым-қатынас жасауына кері әсерін тигізбей ме? Әр¬кім өзімен-өзі. Бұрынғыдай мамыражай пейіл жоқтың қасы. Үйлеріне кіргеннен кейін, есіктерін құлыптап қояды. Шын мәнінде адамдардың қарым-қатынасы тым суып кеткендей. Қазір көршілердің бірін-бірі танымауы белең алып барады. Баяғыда үйінің кілтін көр¬шісіне тастап жүре беретін еді. Бүгінде сол көршісіне күдікпен қарайтын болды. Бір-біріне сыр айтпайды, қонаққа ша-қырмайды. Мұндай отбасы көп. Жақсы көршінің жақсылығын көргенге не жетсін!
– Амал жоқ, біз де батыстың бі¬реулер үшін бас қатырмайтын, үйінен дәм татырмайтын жұртына ұқсап барамыз. Адамдар тұра¬тын жердің барлығы қауіпсіз болғаны дұрыс. Дегенмен, қазақы қалпымызға осы әдет сай келмейтін секілді, – дейді Сырдария ауданы, Бесарық ауылының тұрғыны Серікжан Жүнісбаев.
Ал, Базаркүл апа қоршау дегенге мүлдем келіспейді.
– Балаларым темірден қоршау салайық дейді. Алайда, мен қарсы болып жүрмін. Үйді әдемілеп, көрінетін ағашпен де қоршауға болады ғой. Даңғазадай темірден айналаңда не болып жатқанын көрмейсін. Көршілермен арасаласып, емен-жарқын жүргенге не жетсін, – дейді ол кісі.
Расында, бүгінде көшеде келе жатсақ, емен-жарқын әңгімелесіп отырған адам некен-саяқ көрінеді. Қаладағы үйлерде құдайы-той болайын деп жатса, «Көршілер келмейді екен, қызық иә?» деп таңқалатынбыз. Осындай жағдайлар ауылдық жерлерде де көрініс тапты. Қуансақ қызығымызды бірге бөлісетін, қысыл-таяң шақта ауыртпашылықты бірге көтерісетін, «алыстағы ағайыннан жақын» болатын көршілермен қатынас үзіліп барады. Екі ортаны темір қоршаулар бұзып тұр. Көршісімен қоян – қолтық араласатын, шәй сұраса май қосып беретін, кең пейілді, дархан жүректі қазақтың бұрынғы көрінісі қайда кетті? Қарбалас тірліктің қамымен жүріп қазақы қалпымызды артқа тастап бара жатқандаймыз. Қоршау мен құрсауға неге құмар болдық?


Айтолқын АЙТЖАНОВА
06 қаңтар 2020 ж. 779 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам