Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Подвал» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде

«Подвал» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде

  Қала көлемінде қаңтар айының 06-09 күндері аралығында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және өмірдің қиын жағдайына қалып, қаңғыбастыққа салынғандарды қайта әлеуметтендіру мақсатында «Подвал» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
          Іс-шара жүргізу барысында Қызылорда қаласы аумағында өмірдің қиын жағдайына қалып, қаңғыбастыққа салынып белгілі бір тұрақты мекен-жайсыз жүрген 42 азамат Қызылорда ҚПБ ЖПҚб-нің қабылдау- тарату орнына жеткізіліп, есепке алынды.
Сонымен қатар, аталған санаттағы адамдар Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты  Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті Е.Жүнісбаев көшесі № 6 «а» мекен-жайында орналасқан тұрақты мекен-жайы жоқ және өмірдің қиын жағдайында қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығына жеткізіліп, оларға 7 түрлі қызмет (әлеуметтік тұрмыстық, еңбек, медициналық, психологиялық, мәдени, экономикалық және құқықтық)көрсету бойынша жұмыстар жасалады.
Аталған орталықтың  жалпы сыйымдылығы  60  орынға арналған болса, оның ішінде 50 орын күнделікті жатқан адамдарға қарастырылған қалған 10 орын түнемелік келушілерге арналған.
Жеке құрамға нақты тапсырмалар беріліп, қала орталығында өмірдің қиын жағдайына қалған азаматтарды осы орталыққа жеткізу шаралары жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда ауа-райының суытуына байланысты, полицияның кешенді күштерімен қаңғыбастыққа салынып жүрген адамдарды, қайта әлеуметтендіру орталығымен өзара бірлесіп жұмыстар ұйымдастырылуда. 
         
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
10 қаңтар 2020 ж. 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам