Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Белкөл: Шешімі табылмайтын шаруа жоқ

Белкөл: Шешімі табылмайтын шаруа жоқ

  Сабақты ине сәтімен демекші, сол күні көктен ұшқындап нұр төгіп тұрды,  ең бастысы, әкімдердің халыққа есеп беруі сәрсенбінің сәтімен жүрді. Биылғы есептің бірінші жиыны Белкөлден басталды. №189 орта мектептің мәжіліс залына халық лық толды, арасында кент тұрғындарының барлық буыны болды. Ал, атқарушы биліктен  басқарма, мәслихат,  дербес бөлім басшылары, «Нұр Отан» партиясы, қаржы институттары өкілдері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары  қатысты.
Бізді алдымен елдің мәдениеті, бір-біріне түсіністікпен қараған көзқарасы, баяғыдай базбіреулердің бас-көзсіз дауыс көтеріп, ынтымақтың ырқын бұзатын көрінісі емес, байсалдылық мінез байқатқан болмысы баурады. Артық сөз айтып, арам тер болған бірі жоқ. Сабырлық сақтады.
 Лэд экраннан елді мекеннің даму динамикасы, атқарылған жұмыс жүйесі толықтай ел назарына ұсынылып тұр. Мінбеге көтерілген Белкөл кентінің әкімі Тастайбек Мұсабаев жұртымен бірге жұмыла атқарған жұмыстар тізбесімен таныстырды. Әкім сөзінен қоныстың экономикалық жағдайы мен инфрақұрылым ахуалы, ауыл шаруашылығы саласының жетістігі біршама берекелі болғанын білдік. Жұмыссыздықты жою, жаңа жұмыс орындарын ашу, «Әл-Әзиз» оқу-шығармашылық орталығының орамды ісі секілді келелі мәселелерді көпшіліктің ой елегіне тағы салды. Кент басшысы кезегін күткен мәселелерді де жасырмай, жол жөндеу жұмысының жалғасатынын жеткізді.
Тастайбек – ол ауыл адамы,  дүниеге шаруаның көзімен қарайды. Және Абылай хан айтпақшы,  "Білектінің заманы өтіп, біліктінің заманы келді, дайынбысың әлеумет?!” дейтін басшы. Сол себепті елі оған разы.
Әдеттегіше келесі кезекте мінбеге Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көтеріліп, өткен жылы шаһар көлеміндегі межелі міндеттердің орындалу барысымен қатар, қолға алынған ділгір шаруалардың нәтижесін көппен бөлісті. Рас, қала адам танымастай өзгерді, өсті. Оны бір ғана бюджеттен-ақ білуге болады. Жыл басындағы жоспар бойынша бюджет қазынасын 42 млрд теңгеге жеткізу көзделген еді. Сол жоспар жыл соңында 300 пайыз артып, қала бюджеті 77 млрд теңгеге жетті. Міне, жұмыстың нақты жүргені, өңірдің өскелең өмірі деген осыдан-ақ белгілі. Мұны әкімнің сөзімен айтсақ, біткен істің барлығы ­­– ел болып жұдырықтай жұмылудың жетістігі.
Бұл жолғы есеп берудің артықшылығы сірескен сандар мен жаттанды сөздің айналасында емес, еркін пікір алмасумен, тұрғындар сауалын бүкпесіз жеткізуге басымдық берілуімен байқалды. Ашықтық, бұқарамен кері байланыстың байламы жариялы түрде жүргізілді. Сондықтан қоғадай жапырылып, қопаңдаған ешкім  болмады.
Кент тұрғындары атынан ой-пікірін білдірген азаматтар да барынша мәселенің мән-жайын тарқата сөйлеуге ден қойды. Алдымен ауыл ақсақалы Қалқожа  Сапаров мәдениет үйін жаңадан салу жайын көтерді.
Өткен жылы Баймұрат ауылында 150 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Бұл ғимарат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жүзеге асырылды. Белкөлге де осындай мүмкіндік қарастырылуы қажет. Ал, бюджет қаржысы барлық қажеттілікті қанағаттандыра алмайды, оның да өз есебі бар, –деді бұған қала әкімі.
Ал, Ақылбай Нұржанов кенттің 3-линия көшесін жарықтандыру мәселесін ортаға тастады.
Біз өзекті қай мәселенің күн тәртібінде тұрғанын, оның шешілу жолын жүйелеп отырамыз. Сіз айтқан 3-линия көшесін жарықтандыруды да білеміз. Ол шаруаның шешімі болады, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Арал ауданынан көшіп келген Сарыбай Қайруллаевтың сауалы көпшіліктің көкейдегі ойын дөп басқандай болды. Әсіресе әкім ерекше назар аударды.
Сіз өте орынды сұрақ қойдыңыз. Есік алдындағы арығында су бола тұрып, жерге ағаш шаншымайтын тұрғын жетерлік. Көгалдандыру деген көрік ғана бермейді, оған ұрпағыңыз саялайды. Ауаны ластаудан қорғайды. Осындай озық артықшылығын сезгенмен іске сергек қарамайтындарға қынжыламын. Жақында қаланың шет аймағынан бір ақсақал келіп, көшеге аялдама қоюды сұрады. Мен жауапты мамандармен барып, жағдайды көрдім. Әлгі ақсақал да келді. Өзі сол маңайдың тұрғыны, үйінің айналасы қу тақыр екен. Мен: «Ең болмаса жеті түп ағаш отырғызып, сауап іс жасауға мүмкіндігіңіз жоқ па?» дедім. Ол үнсіз қалды. Міне, біз әртүрлі сылтау іздеп, бұлтаққа да салуға құмармыз. Шын мәнінде шелекпен су тасып та ағаш өсіруге әбден болады, – деді қала басшысы.
Есеп аяқталды. Ел қос әкімге алғыс айтып жатыр. Мұнан тілегін білдірген тұрғындар мен есебін берген әкімдер арасындағы диалогтың дәрпін, өзара сенім мен ұғысудың ұғымын ұқтық. Көгілдір отыны кірген, ауыз суы шешілген, жарығы мен жолы жүйеге келген бұл Белкөлдің берекесі әлі де еселене беретінін білгендейміз.  

18 қаңтар 2020 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам