Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ 

ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ 

  Бүгін Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті.
Жиынға облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Т.Жақыпбаев, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев аудан экономикасы қарқынды дамып келе жатқанын айтып, кеңкөлемді есепті баяндама жасады. Былтырғы жылы жоспарлы жұмыстардың барлығы іркіліссіз іске асқанын атап өткен аудан басшысы ауданның барлық саласында дамудың оң динамикасы қалыптасқанын жеткізді. Сонымен бірге, соны серпілістерге толы ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени салалары қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Жиын барысында 2017 жылы А.Тоқмағанбетов ауылдық округінде атқарылған жұмыстар жөнінде ауыл әкімі Ғ.Алданазаров баяндады. Ауылдық учаскелік полиция инспекторы Е.Әбілдаев қылмыспен күрес бағытында жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың есебін берді. Жиын соңында аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, ауыл ардагері З.Сыздықова сөз сөйлеп, ауданды дамыту жолында жемісті еңбек етіп келе жатқан аудан әкіміне шынайы ризашылығын білдірді.
19 қаңтар 2018 ж. 1 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам