Қосшыңырау: Сергек ауылдың серпілісі

Сонымен біз Абай ауылына келіп жеттік. Ауыл клубының алдына тоқтап, бір сәт айналаға көз жүгіртіп қарадық. Тұрғындар ағыла клубқа қарай беттеп келеді. Біз де көппен бірге ішке қарай ұмтылып, жайғастық. Әдеттегідей алдымен ауыл әкімі Дулат Таубайдың есебі тыңдалды. Бүгінде ауылдық округте мәселелер шешімін тауып келеді. Алайда тұрғындардың көптен жолдап жүрген сауалы көшелерге асфальт төсеу мәселесі екен. Мұны ауыл әкімі биылдың жоспарында бар екенің айтты. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылғы шаһарда атқарылған жұмыстармен таныстырды. Әкімдердің бұл жолғы есебі өзгеше болды. Олай дейтініміз лед экран арқылы халыққа түсінікті түрде барлығын суреттеп дайындаған. Шаһар басшының есебі тыңдалғаннан соң тұрғындар сауал жолдауға кірісті. Соның бірі – зейнеткер Қыдырбай Байкенов.
Досан ауылында күн өткен сайын халық саны артып келеді. Мұнда қоныс аударып келіп жатқан тұрғындар бар. Алайда мұндағы электр бағаналары дұрыс орнатылмаған. Халық өз бетінше жарық жүргізген. Осы мәселені реттеп беруді сұрады зейнеткер.
Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы болса, бұл мәселе көп ұзамай шешімін табатынын жеткізді. Бүгінде Досан ауылына электр бағаналарын орнату мақсатында жоба сметалық құжаттар жасалғанын, алдағы уақытта жаңадан бағаналар орнатылатынын жеткізді.
Қосшыңырау округінде тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету дәстүрге айналған. Мұнда өткен жылы 171 отбасы әлеуметтік көмек алған. Сондай-ақ, қайырымдылық шараларыда жиі ұйымдастырылып тұрады.
Ақсақалсыз ауыл болмайды. Ал кезекті сауалын жолдаған ауылдың ақсақалы – Февраль Жанахаев. Ол ауылдың ішкі жолдарын жөндеуді және кешкі мезгілде жарық күшінің әлсіз екенін айтты.
Қала әкімі үстіміздегі жылы ауылдың ішкі жолдарының жөнделетінің айтты. Ауыл ішіндегі маңызды деген көшелерді асфальттау қажет. Қалғаны біртіндеп жөнделеді. Содан кейін біз қажетті қаражатты есептейтін боламыз. Ал, жарықтың әлсіздігіне келетін болсақ. Бүгінде бұл ауылда халық саны артып келеді. Бұрынғы подстанция күші мұндағы үйлерге жетпейді. Сондықтан алдағы уақытта жаңасын орнататын боламыз, – деді Н.Нәлібаев.
Қосшыңырау ауылдық округі халқының биылғы қуанышы мұндағы Досан ауылында 51 отбасы көгілдір отын пайдаланып отыр. Ал биылғы жылы Абай ауылын көгілдір отынға қосу үшін «КазЭнергоПроектСтрой» ЖШС-мен газбен қамту жұмыстары жалғасын табатын болады.