Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ақжарма: Мал ұрлығы тиылмай тұр

Ақжарма: Мал ұрлығы тиылмай тұр

  Әкімдердің халыққа есеп беруі Ақжарма ауылдық округінде жалғасын тапты. Өткен жылы ел игілігіне берілген жаңа Мәдениет үйіне қала әкімінен бастап, атқарушы билік өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары ортақ міндетке жиылды. Қос әкімге ауылдағы өзекті мәселелер мен шешімін таппаған шаруаны жеткізсем деген халықтың да қарасы көп болды.
Әдеттегідей ауыл әкімі Жұмабек Әлиев жыл бойы тындырылған жұмыстың барысын баяндап, алдағы міндеттерді көппен бөлісті. Баяндамадан білгеніміздей, салық түсімінің артуы, әлеуметтік инфрақұрылымдағы өзгерістерді, кәсіпкерлік пен ауылшаруашылығы саласындағы ілкі қадамдардың оң нәтиже бергенін аңдадық. Жұмабек Төлешұлы ауыл тұрғындары үшін өткен жылдағы басты қуаныштың бірі­ – Мәдениет үйінің салынуына қолдау көрсеткен қалалық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Қайрат Орынбасарұлына риясыз алғысын білдірді. Сонымен бірге, көптен бері көтеріліп жүрген Талдыарал елді мекеніне ауыз су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізу және жарықтандыру мәселесі де қолға алынғанын сүйіншіледі. Бұл да болса шалғайдағы ауыл тіршілігінің қайта жанғыруына жол ашатын іргелі бастама екені сөзсіз.
Ал, қала басшысы Нұрлыбек Нәлібаев та әр саладағы толымды жетістіктерді тілге тиек етті. Қалаға қарасты ауылдардағы жол жөндеу жұмыстарынан бастап, шаһар көлемінде жүзеге асқан ірі жобаларды атады. Және жоба бойынша елді мекендерге қолдаудың бәсеңдемейтінін, жоспарға сай жүзеге асатынын жеткізді.
Ауыл жұртшылығы қос әкімнің есебі мен еңбегіне талас жоқ екенін жеткізіп, шешімін күткен мәселені де жасырмады.  Ауыл ақсақалы Темірбек Қазымбеков жарық бағаналарының тозығы жеткенін және жаңа трансформаторды іске қосуды жеделдетуді сұраса, Мақпал Қалданова ауылдық округке амбулатория қажеттігін сөз етті. Қала басшысы жарықтандыру мәлелесін қалалық электр тарату тораптары басқармасының директоры Дінмұханбет Сейдуллаұлына назарына салып, жақын арада қалпына келтіруге нұсқау берді.
–Қалаға қарасты елді мекендердің жағдайы жыл санап жақсарып келеді. Бүгінде ауылдарда жаңа мектеп, балабақша секілді нысан көптеп бой көтеруде. Ауыз су, жарықтандыру, жол жөндеу жұмыстарын да үнемі назарға аламыз. Сондықтан, барлық мәселе өз кезегімен шешімін табады. Амбулатория салу жобасы­ да бюджет мүмкіндігіне байланысты. Бәлкім, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуы ықтимал, -деді Нұрлыбек Мәшбекұлы.
Ауыл тұрғыны Райхан Шалбаева ауылдағы жаңартылған электр энергиясын есептеу құрылғысының  жұмысы мен мал ұрлығы төңірегіндегі түсінбеушілікті жеткізді.
­–Ауыл әкімінің атқарған жұмысына көңілім толады. Тек, айтайын дегенім: мал ұрлығы мен электр энергиясын есептеуші құрылғы мәселесі. Соңғы 3 жыл көлемінде елді мекенде мал ұрлығы көбейді. Өрістегі малды ұрлау белең алуда. Мен де ұрылардың құрбаны болдым. Сондықтан, қылмыскерлерді құрықтау ісіне мән берсеңіздер екен. Сонымен қатар, жаңадан құрылған электр есептеуіш құрылғысы орнатылғалы, электр қуатының құны әуелгіден асып түсті. Осы мәселе назарға алынса, -деді кейуана.
Алдымен қала басшысы учаскелік полиция қызметкері Жасұлан Сарыбалаевтан мал ұрлығы мәселесінің мән-жайын сұрады:
–2019 жылы орын алған 16 қылмыстың ­9-ы мал ұрлығы. Өткен жылы қалалық прокуратура, Тасбөгет полиция бөлімі басшысының қатысуымен халықпен 2 кездесу ұйымдастырылды. Биыл қоғамдық кеңес шешімімен мал ұрлығына қатысты қылмыскер отбасымен ауылдан көшірілді. Ал, Райхан Шалбаеваның арызы бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде, - деді учаскелік полицей.
–Жаңартылған электр энергиясын есептеуші құрылғы – ­шығынсыз есептеуге арналған. Бұл барлық елді мекенге қойылып келеді. Яғни, сезімталдығы аса жоғары құрылғы әр үйде қанша электр қуатын жұмсалғанын дәлме-дәл көрсете алады.  Сондықтан, бұл электр энергиясын есептеуші құрылғының ақауы немесе кемшілігі емес. Біз кез келген уақытта мемлекеттік стандарт бойынша тексеріс өткізуге дайынбыз, - деді қалалық электр тарату тораптары басқармасының директоры Дінмұханбет Сейдуллаұлы.
Қала әкімі қос тараптың уәжін тыңдай келе аталған мәселені әлі де жеке назарға алатынын жеткізіп, тиісті мамандарға жүйелі тексеріс жүргізуді тапсырды. Осылайша, апта соңына дөп келген есепті кездесуде халық пен билік арасында шынайы пікір алмасу орын алып, ел мұқтажы бүкпесіз айтылды.
Ерсін ШАМШАДИН
21 қаңтар 2020 ж. 836 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам