Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Талсуат: жұрт тілеуі –жайылым мен жол

Талсуат: жұрт тілеуі –жайылым мен жол

   Бұл жиын басқа жиыннан өзгерек болды. Себебі жетерлік. Түйткіл мәселесі де ауыз толтырып айтарлық жағдайда екен.  Қаладан шеттеу аймақта шашетек шаруа болатыны шындық. Өйткені мал өсіру, егін салу секілді шаруашылықпен айналысуға мұндағы тұрғындар ықыласы артқан. Бау-бақшадан бөлек, жеміс-жидектің сан алуан түрі өседі. Яғни қыс азығын қамдап алуға мүмкіндік бар.
Соңғы жылдары жаңадан үй көтеріп, ел ішіне көшіп келуші көбейді. Халық саны да біршама өсті. Қара жол бойындағы қоныс туралы біздің бір білгеніміз осы ғана. Ендігісін қос әкімнің есебі толықтыра түседі.
Кеше тарихы Геолог болып, бүгінгісі ­­– Талсуат ауылдық округіне айналған ауылдың тіршілігін тануға қала әкімі бастаған мәслихат депутаттары, сала мамандары мен атқарушы билік өкілдері түгел келді десе болғандай. Тұрғындардың талап-тілегін баққан олардан ел  де нақты жауап күтті.
 Ауыл әкімі Болатбек Нұрлыбаевтың әңгімесі ә дегеннен ауыл тұрмысына қатысты салық түсімінің жай-күйі, әлеуметтік саладағы нәтижелі қадам, кәсіпкерліктің дамуы және инфрақұрылым төңірегінде өрбіді. Соның ішінде 4 отбасының тұрғын үй көмегіне ие болуы, өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік нысанның 21,3%-ға артуы және аяқсу мәселесінің шешімі табылуы секілді біткен істің базарлығын баяндап берді.
Ал, қала басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы Қызылорда қаласының әлеуметтік, экономикалық даму динамикасының жыл санап қарқын алғанын және шаһар келбетінің көркейтуге бағытталған жұмыстардың жүйесын жеткізді. Сондай-ақ, қала басшысы биылғы бағдар бойынша, шет аймақтағы көшелерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мән берілетінін айтты.
Баяндамадан соң қос әкімнің қызметін ел елеп, разылығын білдірді. Келесі кезек сұрақ-жауап үлгісін жалғады. Алдымен, сөз ретінТалсуат ауылдық округіне қарасты жаңа қоныс аймағының тұрғындары атынан Жанар Нұрымбетова алды. Ол жол мәселесін қозғады. Бұған Нұрлыбек Нәлібаев: – Қала мен шет аймақтардың көшесін жөндеуге бюджеттен 655 млн теңге бөлінді. Ал, жаңа қоныс аймағындағы жөндеуді қажет ететін көшелер бойынша ауыл әкіміне ұсыныс беру керек, – деді.  Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Абдрахман Тоғышев көтерген жаяужол (тротуар) салу жұмыстары да жақын арада қолға алынатынын айтты.
Көпшілікті толғандырған тағы бір өткір мәселе — мал жайылымдық жер екен. Мұны ауыл ақсақалы Еркін Алмағанбетов қозғады. Сауалға қала басшысы: –Жауапты мамандар ауыл әкімі және тұрғындармен бірлесе ақылдасып, қажетті жер мөлшері мен құжаттамасын әзірлеуге тапсырма беремін. Бұл мәселе міндетті түрде жүзеге асады. Себебі, ауылдық аймақта негізгі тіршілік көзі, кәсіп бастауы  ­— мал шаруашылығы. Сондықтан, біз де жайылымдық жердің бөлінуіне атсалысамыз, – деді.
Ал, «Ягодка» саяжайы қоныстанушылары атынан Айгүл Ахметова:
 –  Бұрын №18 бағыттағы қоғамдық көлігі саяжай аумағына дейін қатынайтын еді. Қазір облыстық туберкулезге қарсы диспансері соңғы аялдама. Онан бері жаяу 10-15 минут жүруге тура келеді. Мәселе жаяу жүргенде емес, тек мектептен қайтатын балаларымыз үшін ауыр тиіп тұр. Қыс ауасында күн ерте батады, оқушылар саяжайға дейін қараңғы, жыңғылды даламен жалғыз жүруге мәжбүр. Осы жағдай біздің жанымызға батады, –деді.
Мұндай мәселеге бей-жай қарай алмайтын қала әкімі сол заматта №18 бағыттағы қоғамдық көлік мәселесін шешуге ден қойды. Сөйтті де «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директоры Нұржан Ахатовқа тиісті шараларды қолдануды және «Ягодка» саяжайына қоғамдық көліктің тұрақты қатынауын бақылауға алуды тапсырды.
­–Ел мүддесіне сай мәселе қашанда маңызды. Бәрін заң жүзінде, тәртіп аясында жүзеге асыруымыз қажет. Мәселен, саяжай аумағына мемлекет тарапынан құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды. Алайда, ол аймақта қоныстанушылардың көп екенін және сіздердің өтініштеріңізді ескеріп, қаланың Бас жоспарына өзгеріс енгізілді. Сөйтіп қала аумағына қосып, саяжайға елді мекен статусы берілді, – деді Нұрлыбек Мәшбекұлы.
Осылайша халық пен билік арасында ашық пікір алмасу болды. Талсуаттың тынысы бір кеңіген секілді көрінді. Олай дейтінім, көкейде жүрген көп сауалдың көсегесі көгерді, шешімін табатын уақыт таяу. Бұған көңілі толған тұрғындар жылы қабақпен тарқасты.
Ерсін ШАМШАДИН
25 қаңтар 2020 ж. 1 033 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам