Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңғырту мәселесі жүйелі

Жаңғырту мәселесі жүйелі

   Халық даналығы «Ауру – астан» дейді. Бұл сөз тікелей тамаққа емес, суға да қатысты. Өйткені адам көп тұтынатын нәрсе – су. Міне, осындай мәселе атқарушы биліктің назарынан тыс қалған емес. Мысалы, қаланы, қалаға қарасты елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау, кәріз-насостық станцияларын қайта жаңғыртуға, су бұру жүйесін дамытуға 1,5 млрд теңге қаралды. Ал, Қызылжарма ауылында ауыз су құрылысын жүргізуге республикалық бюджеттен - 720,4 млн. теңге бөлінді. Сол секілді жылу жүйелерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 1 млрд. 900 млн. теңге қаралып отыр.
«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы жылы 2 млрд. 35 млн. теңгеге 32 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтеді. Бұл жұмыстар жақын күндері басталады.
Мұратбаев көшесі бойындағы жаңа көпірден бастап «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»автожолынадейінгі аралықты жалғайтын 5 шақырымдық магистралдық көше құрылысына 2019 жылы облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. Биылғы жылы осы жұмысты жалғастыруға 250 млн. теңге қаралып отыр.
Сондай-ақ С.Бейбарыс көшесінен Н.Назарбаев даңғылындағы "Қызылжарма" арнасына дейін магистралды көше салуға республикалық бюджеттен 723,4 млн. теңге бөлінді.
Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, шет аймақтардағы жолдардың сапасын жақсартуға негізгі басымдық беріледі. Биылғы жылы осы мақсатта қаладағы 32 көше мен кент, ауылдық округтердің көшелеріне орташа, ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге қалалық бюджеттен 655 млн. 612 мың теңге қаралды.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Ақсуат ауылдық округінде №143 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге, 16 көшені орташа жөндеуге  463 млн. теңге қарастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған «Жол картасы» аясында қажетті мамандармен қамтамасыз етуге 117 млн. теңге қаржы қаралды.
Орта білім беру ұйымдарында физика, биология, химия бағытында жаңа пәндік 50 кабинет жабдықталады. Бұл жобаларға 385 млн. теңге қаралды.
07 ақпан 2020 ж. 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам