Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Біліктілік – білім көрсеткіші

Біліктілік – білім көрсеткіші

 Қазақ тілі білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен келтірсек «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы». Сол айтпақшы ұстаздар қауымының кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру  білім саласы үшін маңызды. Осы орайда Наурыз саяжайында орналасқан №268 мектеп-лицейінде  семинар-практикум өтті. «Оқушылардың білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру» тақырыбында өткізілгеншараға қалалық білім бөліміне қарасты 32 мұғалім, 2 магниттік мектептің директоры қатысты.
Семинар-практикумның мақсаты математика сабағында бағалау үдерісін жақсартуға ықпал ету. Заман талабына сай логикалық тұжырым жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру үшін ұстаздар арасында тәжірибе алмасу болды.
Өз кезегінде қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Ғабидолла Әбдірайымұлы математика нағыз ғылым дегенді айтты. Ол облыстағы 55 мыңнан аса оқушының ішінде математика пәні бойынша олимпиада жеңімпазы  жоқ екендігін мәлімдеді.  Ұстаздарды бұл пәннің деңгейін бірге көтеруге шақырды.
Шара барысында №268 мектеп-лицейі мұғалімдері 5 пен 11 сынып аралығындағы оқушылардың қатысуымен ашық сабағын көрсетті.  Сонымен қатар, сыныптан тыс жұмыс барысы көрсетілді. Онда «Ментальді арифметика арқылы баланың  ой-өрісін дамыту», «Геогебраны есептер шығаруда пайдаланудың» оңтайлы тәсілдері түсіндірілді.
Білім ордасының ұйымдастыруымен өткен семинар-практикум бағдарламасында ата-аналарға  критериалды бағалаудың маңыздылығы түсіндірілді. Олар оқыту мен оқу процесіндегі бағалаудың қалай жүзеге асатынын көрді.
Бұл білім жиыны мұғалімдердің өзара пікір алмасып, жаңартылған білім беру жүйесіндеге өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуына үлкен сеп болды.
                                      Наргиза Бектаева
29 ақпан 2020 ж. 717 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам