ҚАЗАЛЫДА АУЫЗ СУ ТӘУЛІГІНЕ 24 САҒАТ БЕРІЛЕДІ
Биыл Қазалы ауданында 14 мың текше метрлік су қоймасы салынды. Қазіргі таңда аудан халқыүздіксіз ауыз сумен қамтылған.
Сондай-ақ, «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қазір Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласына ішкі су желісін жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда кәріз жүйесін іске қосу мәселесі де қарастырылуда. «Әйтеке би кентінің су бұру жүйесінің құрылысын салу» жобасы бойынша мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алып, шешу жолдары қарастырылуда. Жобада 18 дана кәріз насос станциясы, 1 дана кәріз тазалау құрылғысы салыну жоспарланып отыр.