Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әсем апайдың әсері

Әсем апайдың әсері

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, дұрыс бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да мұғалім әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қыз-келіншектерге ерекше ілтипат пен құрмет көрсетілетін көктем мерекесінде ұстаздар қауымы да назардан тыс қалмады. Жалпы мектептегі мұғалімнің 90 пайызы қыз-келіншек екенін де айтқан ләзім.
Ұлт ұстазы Бауыржан Момышұлының «Өмірге бала алып келген аналарды қалай құрметтесек, ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген сөзі бар. Ақиқатында ұстаз балаға ата-анадан кейінгі, ақыл-ойдың, әдептілік пен ізгіліктің, білім мен біліктің дәнін сеуіп, тәлім-тәрбие беретін ұлы тұлға. Мұғалім – қоғамның айнасы. Ұстаздан алған білім мәңгілік азық болатыны белгілі. Жақсы ұстаздан тәлім алған ұстамды шәкірт елдің ертеңі. Осындай жауапкершілікті мойымай көтеріп, 35 жыл бойы ұлы жолда еңбегімен дараланған ұстаздардың бірі Әсем Байжігітова. Ол бүгінде қала орталығындағы №10 Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордасында жемісті еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне елеулі еңбек сіңіріп жүр. Бүгінгі дейін талай шәкіртті баптап ұшырды.
Бұл мереке мұғалімдер күні ғана емес, көпшілік қыз-келіншектердің де ортақ мерекесі. Мұғалімнің алдын көрмеген, дәрісін тыңдамаған, ұлағатты өсиетімен сусындамаған адам кемде-кем. Сондықтан әрбір азамат анасына қалай борыштар болса, ұстазына да сондай қарыздар.
 Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» десе, хакім Абай: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға, ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген екен. Ал осы бір қанатты сөзді Әсем апай жиі айтады. Себебі өскелең жас ұрпақтың ұстазға деген құрметті біліп өссе дейді ол.
Әсем апайдың бір ұлы мен қызы бар. Қызы Жадыра ана жолымен мұғалім болып еңбек етуде. Ал ұлы Жандос медицина саласында. Бүгінде ұл қыздары мен  келінің қызығын көріп, немере сүйіп отырған Әсем апайдың ендігі арманы зейнет жасына жетіп, тәрбиелеп жатқан өскелең ұрпақтарының одан әрі жақсы өмір сүргенің көру.
Әрбір саладағы жетістіктерде әйелдер қауымының үлесі зор. Нәзік жандылар, әрқашан баянды болашақ үшін аянбай еңбек етуде. «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді» тербетіп, елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосуда.         Біз Әсем Есенқызымен сөйлесу барысында ол кісінің сабырлы, зекімейтін, сабақты балаларға ұғынықты түсіндіретін мұғалім екеніне көзіміз жетті.
Ол ұстаздық қызметте, шәкірттерімен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік пен мәдениеттілікті бірінші кезекке қояр қағидасынан айныған емес. Және қай кезде де сүрінгенді демеді, күйзелгенге жігер берді, жылағанның көз жасын құрғатты. Ауыртпалыққа алдырмайтын, ішкі рухани қайсарлығы мығым мінезінің арқасында бәрін жеңе білді. Сол табандылығымен шыңдарды бағындырып келеді. Ол республикалық, облыстық білім басқармаларының грамотасымен марапатталды. Шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленген, олардың жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін Әсем апайға ұзақ ғұмыр тілейміз.
Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ
07 наурыз 2020 ж. 1 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам