Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Актриса болуды армандағанмын

Актриса болуды армандағанмын

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтың бірі автомобиль крандарының машинисі мамандығы. Алып жүк көтергіш машинасыз құрылыс алаңын елестету мүмкін емес. Ал оларды басқаратын маман кім? Ауыр салмақты құрылғыны мінезі салмақты әйел тізгіндейді десе сенесіз бе? ендеше 25 тоннаға дейінгі жүк көтеретін кранды басқаратын  Жадыра Бектуғанқызы біздің назарымызға түсті.
Ол 2008 жылдан бастап Мұстақым Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде «Автомобиль кранының машинисі» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері болып қызмет атқарады. Бұл мамандық биіктіктен қорықпауды, математика мен геометрия негіздерін білуді талап етеді. Сонымен қатар оған ұқыптылық қажет. Яғни бір ғана қателік оқыс жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.
Ер адамдарға тән мамандықты меңгерген Жадыра тек краншы келіншек емес, үш ұлдың анасы, отбасының ұйытқысы. Бала кезінен актриса болуды армандаған. Ол оқуға түсер шақта арманын түбегейлі өзгергенін айтады. «Әртіс болуды, жұлдыз болуды армандамаған бала жоқ шығар. Сахнада сан түрлі кейіпкерді сомдау қызық көрінді. Ата-анам ұстаздық жолдың қадір-қасиетін ұғындырып, 1996-2000 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің «Кәсіптік білім» мамандығына оқуға түстім. Кейін білімімді жетілдіріп, М.Әуезов атындағы университеттің «Көлік, көлік техникасы мен технологиясы» мамандығын игердім. Әйел затының басты мақсаты отбасылы, ана атану болғандықтан, балалық арманымның қиындығын түсіндім. Осы мамандықты ер балалардың арасында өскендіктен болар, жатсынбадым. Алғашында жүкті ілгеннен кейін теңселтпей көтеру қиынға соқты. Егер қателік жіберсең, жан-жаққа соғып, шайқатылып кетеді. Осының салдарынан оқыс жағдай туындайды,» – дейді.
Сонымен қатар, бұл мамандық иелері ер балалар болғандықтан оларға түсінікті тілмен кранның бөлшектерін үйрету қажет. Кейде өндірістік сабақта өзі кранды басқарып, іс жүзінде түсіндіреді. Жас мамандар таң қалып, кейде «әйел адам кран басқара алушы ма еді?», деп бәстесіп жатады екен.
Ер кісілерге тән қызметті атқарып жүрген Жадыра жаны нәзік болғанымен, жас маманға батылдықты, біліктілікті үйретіп жүрген ұстаз. Бұл жауапты мамандықты жастарға үйрету ол үшін –  мәртелелі іс.
Иә, біздің қазақ арулары барлық мақтауға лайықты. Ол – адамзаттың анасы, отбасының өзегі, өз мамандығының майталманы.
                                                   Наргиза БЕКТАЕВА
07 наурыз 2020 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам