Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Азық-түлік бағасы бақылауда

Азық-түлік бағасы бақылауда

Бүгінде азық-түлік тапшылығы мен баға көрсеткішіне деген алаңдаушылық артып келеді. Оған қоғамдағы соңғы оқиғалар мен валюта бағамы да өз әсерін тигізгені анық. Халық арасында қажетті тауар тапшылығы туындамай ма деген пікір бар. Тіпті, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында дүкен мен сауда орталықтарында тауарды молынан алып, айлық азығын қамдауға кіріскен азаматтар қатары көбеюде. Ал аймақтағы ахуал қандай? Азық-түлік құны қымбаттайды ма? Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Серғазыұлы БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.
Алдымен облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін қамтамасыз ету және тауар құнын тұрақтандыру мақсатындағы іс-шаралар тізбегі мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Басқарма басшысы аймақтағы әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының индексі 99,9% құрап, облыстар арасында ең төменгі үштікке енгенін хабарлап, тауар бағасын қадағалуға байланысты тұрақты мониторинг жүргізілетінін атап өтті.
2019-2020 жылғы маусымаралық кезеңге тұрақтандыру қорына барлығы 2212 тонна өнім сатып алынса, бүгінде соның қоймада қалған үлесі – 1 219,9 тоннаны құрап отыр. Өнімдер қаладағы 26 әлеуметтік дүкен мен «Смолл», «Кызылорда» сауда үйлері арқылы сатылымға шығарылған. Оған қоса, басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша «Байқоңыр» ӘКК АҚ-ның әріптестері арқылы («Мирас» СҮ, «Ажар» СҮ, т.б. кәсіпкерлік субъектілері) нарық құнынан төмен бағада сатылуда.
Жыл басынан азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына жол бермеу мақсатында облыс бойынша барлық ауданда тұрақтандыру қорының өнімдерін автокөлік үстінен сату жұмыстары ұйымдастырылуда. Ал, жыл аяғына дейін облыстағы 27 әлеуметтік дүкенге қосымша 34 дүкен ашылу жоспарланған.
–Мұнай бағасының өзгеруіне, валюта бағамының тұрақсыздығына және коронавирус індетінің таралуына байланысты азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қажетті қор жинау мақсатында бюджеттен қаржы қарастырылды. Сондай-ақ, қосымша 3,5 мың тонна өнімді сатып алу шаралары жүргізілуде. Қазіргі таңда жағдай толық бақылауда, –деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, бүгінде аймақта жаңадан алынатын өнімдерді сақтауға арналған 3250 тонналық көкөніс сақтау қоймасы жұмыс жасайды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында сақтау қуаттылығы 2000 тонна құрайтын заманауи көкөніс сақтау қоймасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Е.БАЛТАБЕКҰЛЫ
17 наурыз 2020 ж. 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам