Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 85 сынаманың нәтижесі күтілуде

85 сынаманың нәтижесі күтілуде

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар қатары толастар емес. Бүгіннің өзінде 8 адамнан осы індеттің белгісі анықталды. Осылайша оның жалпы саны 104-ті құрады. Аймақта тәжді вирусқа қарсы сақтық шаралары күшейтіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов мәлімдеді.
          Осы кезге дейін облыстағы адамдар көп шоғырланатын 3 349 627 шаршы метр аумақ залалсыздандырылған. Ендігі кезекте көпқабатты үйлердің подъездеріне залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, брифинг барысында қауіпті инфекция жұқтырғандарды анықтау үшін тағы да сынамалар әкелінгені айтылды. Қосымша тағы 2 лабораториялық зертхана іске қосылады.
          Карантиндік режим аясында 3 санитарлық, 32 тосқауыл бекеті әр аудан аумағына орналастырылған. Ондағы материалдық-техникалық база күшейтілген, мамандардың әлеуметтік жағдайы ескеріліп, қосымша көмек те қарастырылады. Ал, әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік қоры облыс әкімінің тікелей бақылауында екенін жеткізген Н.Сейітқалиұлы тұрақтандыру қорында 10185 тонна қажетті өнім барын атап өтті. Бұл өз кезегінде қаладағы әлеуметтік дүкендер арқылы сатылымға шығатын болады.
          Сонымен қатар облысқа 10 сәуірден бастап 1-А категориялы елдерден келген азаматтар тіркеуден толық шығарылған. Ал, 1-б категориялы елден келген 109 адамның 7-уі стационарлық, 102-сі үй жағдайындағы бақылауда. Бүгінге дейін «Ұлттық сараптама орталығы» науқастардан 1634 сынама алып, оның 104-і оң, 1445-сі теріс нәтиже берген. Қазір қалған 85 сынаманың нәтижесі күтілуде.
          Осы орайда, күшейтілген карантиндік режимге қарамастан тәртіп бұзушылардың да қатары азаймай отырғаны сөз болды.  Осы кезге дейін талапқа бағынбаған кафе, мейрамхана иесіне қатысты – 40, жеке үй иесі – 22, тосқауыл бұзған – 28, үйден тыс жерге шыққан – 19, тағы сол сияқты бірнеше тәртіп бұзушылық дерегі анықталған.  «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп батыр Б.Момышұлының сөзін тілге тиек еткен маман тұрғындардан болып жатқан жағдайға бей-жай қарамай, талап пен тәртіпке бағынуды сұрады.
Ақмешіт-ақпарат
10 сәуір 2020 ж. 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам