Қоқысты өртеу қауіпті

Көктемнің алғашқы күнінен бастап ақ бүгінгі күнге дейін қала аумағында қураған шөп және қоқыстардың өртенуіне байланысты 52 шығыс тіркелді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 18 пайызға көбейген. Орын алған өрт оқиғаларының шамамен тең жартысы тұрғындардың салғырттығынан, яғни өрт қауіпсіздік талаптарына немқұрайлы қарауынан орын алған. Сондықтанда аулаңыздан шыққан қоқыстарды қапшықтарға немесе арнайы темір контейнерлерге жинап қоқыс төгетін алаңдарға шығаруларыңыз қажет.
Өрт - тілсіз жау деп бекер айтпаған. Өрт материалдық шығынға ғана ұшыратпастан, бұданда үлкен көңіл қынжылтарлық жайларға душар етеді. Сондықтан да әрбір азамат өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауы қажет.
Құрметті қала тұрғындары өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
Қызылорда қаласы Төтенше
жағдайлар басқармасының аға инженері
азаматтық қорғау лейтенанты
А. Жүсіпназар