Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімі Cырдария ауданының Аманкелді ауылдық округіне барды

Облыс әкімі Cырдария ауданының Аманкелді ауылдық округіне барды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария ауданының Аманкелді ауылына барды.
Бұл ауылдың 25 тұрғынынан коронавирустық инфекция анықталған. Олармен жақын қарым қатынаста болған 119, жанама қарым қатынаста болған 12 барлығы 131 адам оқшауландырылды.
Қарым-қатынаста болғандардың 123-і үй бақылауына шығарылса, 8-і стационарлық бақылауда. Тест сынамалары тексеріліп жатыр.
2 мыңнан астам адам тұратын елді мекенде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ауылға кіреберісте тосқауыл бекеті қойылған. Кіруге және шығуға тыйым салынған. Ауыл көшелерінде де қозғалыс шектелген
Тұрғындардың тек азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе медициналық көмек алу үшін үйден шығуына рұқсат етіледі
Облыс әкімі жағдай тұрақталмайынша, қатаң тәртіп сақтау қажеттігін ескертті. Көпшілік шараларды өткізуге тыйым салды. 
Аудан және ауыл әкіміне карантин талаптарының орындалуын басты назарда ұстап, елді мекендерді дер кезінде залалсыздандыру, індеттің таралуына жол бермеу тапсырылды.
20 сәуір 2020 ж. 459 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам