Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Байқоңыр қаласында төтенше режимін бұзған 61 құқық бұзушылық анықталды

Байқоңыр қаласында төтенше режимін бұзған 61 құқық бұзушылық анықталды

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің қызметкерлерімен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында екі блок-бекеттер қойылып, тұрғындардың негізсіз тұрғын үйінен шығуына және автокөліктермен жүруіне тыйым салу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Алайда, ескертулерге қарамастан төтенше жағдай талаптары тұрғындар тарапынан сақталар емес, жүргізілген рейдтер барысында төтенше жағдай талаптарын бұзудың 61 дерегі анықталды.
         Соңғы тәулік ішінде 100-ге жуық мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 8 құқық бұзушылық анықталды. 
Қазіргі таңда орын алған 61 факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін қалалық сотқа жолданып, 33 әкімшілік іс сотта онлайн-режимінде қаралды, оның 17 айыппұл салынса, 16 әкімшілік қамаққа алынған. 
          ҚР ІІМ министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес, барлық блок-бекеттерде кезекшілікте тұрған қызметкерлер індетке қарсы арнайы костюмдермен, жеке қорғану құралдарымен, медициналық бетперделермен, қолғаптар, антисептик құралдарымен толық қамтамасыз етіліп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
23 сәуір 2020 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 210 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам