Қызылордада коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны 170-ке жетті

«Қызылорда қаласынан анықталған 5 азамат індет жұқтырған науқаспен байланыста болып, бақылауға алынғандар. Ал, Шиеліден анықталған 4 науқастың 3-уі- коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болса, 1-уі- Ресей елінен келген студенттен анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты , емдерін хаттамаға сәйкес алуда»,-деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Өз сөзінде бас дәрігер әрбір азамат отбасында , жұмысында болсын карантин ережелерін сақтау керек екендігін тілге тиек етті.
Құрметті облыс тұрғындары, денсаулықтарыңызды күтіп, басты талап-үйде болу керектігін ұмытпаңыздар.