Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Наталья – Қалдановтар қалауы

Наталья – Қалдановтар қалауы

Талдырмаш қана орыс қызы Наталья құрбыларына қарағанда ерте есейіп, жаңа ашылған жауқазын гүлдей құлпырған шағында өзінің сүйіктісі  Рүстемді кездестірді. Екеуінің ортасында махаббат гүлі бүр жарды. Ұлты орыс болғанмен ол қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, берекелі тірлігін қазақтан артық білетін. Талғам таразысы қазақ жігітіне түскені де өрімтал қызға жергілікті ұлттың табиғатын танып, оның ұстанымын тамыршыдай дөп басуға септігін тигізді. Осылайша Наталья Андреевна Баркова бұдан 11 жыл бұрын сәуірде Қалдановтар әулетіне келін боп түсіп, ақ босаға аттады. Ол кезде мөлдіреген бойжеткен небары 20 жаста болды. Айнала көрші-көлем, құрбы-құрдас, ағайын-туыс бұл отбасына өзге ұлттың қызы сіңісер ма екен деп күдікпен қарағаны рас.  Ең қиыны, жаңа түскен келінді отбасылық өмірге баулитын енесі де қайтыс болған. Шиеттей бала-шағаны жеткізу Мергенбай атасының мойнына артылған аманат болған. Төрт перзенттің кішісі Рүстемге әке-шешесінің құтты шаңырағын ұстау қалу  бұйырыпты. Бірақ жас болса, ақылды Наталья отбасындағы базарлы тірлікті жалғастырып, енесінің орнын жоқтатпай, бүгінде қара шаңырақтың түтінін түтетіп отыр.
Мен келін болып түскенде өте жас едім. Бірақ қазақтың түрлі салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарын жақсы білетінмін.  Үйдің берекесі ана ғой. Менің қиналғаным, менің енем болмады. Бірақ атам өте қарапайым, ақылды адам болды. Сол кісі мені тәрбиелеп, енемнің жоқтығын білдірмеді. Қорада ол кезде уақ мал, сиыр болатын. Соны саудым. Ауылдың келіншектері не тірлік істейді. Бәрін де тез үйреніп алдым. Оған ынта керек. Атам бірге тұрған 8 жылда маған ет, балықтан жасалатын тағам жасауды, қарма істеу, ет қақтауды үйретті. Мен ерте тұрып, атама сәлем салдым. Алдынан кесіп өтіп көрген емеспін. Ол кісі дүниеден өтті. Еске алып құран бағыштап, 7 нанымды пісіріп, таратып отырмын. Аллаға шүкір, үлкен адамның батасын алу  ұрпақтарына бақыт әкелетінін түсінемін, – дейді орыс келін Наталья.
Шынында кез келген жан  үлгі алатын өнегелі отбасы. Наталья бүгінде Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Өз ісінің маманы. Отағасы Рүстем Қалданов екеуі Нұрдәулет, Нұрислам атты екі ұл тәрбиелеп отыр.  Мерекелерде жыр шумақтарын оқиды. Абай атамыздың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндерін төгілте шырқайды. Бүгінде сүттей ұйыған шаңырақта татулық пен ауызбірлік салтанат құрған.  Наталья болса, асандар елінің келіні екенін мақтан тұтады.
                                                         Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ
01 мамыр 2020 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам