Құшағы кең Қызылорда!
Алғыс пен бата тоғысқан,
Сан ұлт пен ұлыс табысқан.
Сыр елім мәңгі жасай бер,
Гүлзардай мекен, гүлстан!
Татулықтың дидарлы айшықтары
2014 жылы облыста «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі тұсауын кесті. Этномәдени бірлестік жұмысын үйлестіруде оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. 1967 жылы «Алтынсарин» кинотеатры ретінде іргесі қаланған ғимаратқа 2015 жылы қайта жаңғырту шарасы жүргізіліп, «Достық» үйі болып қайта ашылды. Қазіргі таңда оған қарасты «Достық үйі» ғимараты келушілердің құтты мекеніне айналып, алыстан көз тартады.
Қазіргі таңда облыста 35-тен астам ұлт өкілдері бар. 11 этномәдени бірлестік жұмыс атқаруда. Олар грек, түрік, татар, шешен, еврей, өзбек, неміс этномәдени бірлестігі, «Қазақстан кәрістер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі, «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалы, қырғыз этномәдени бірлестігі.
Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-алаңы – жаңа «СЫР БІРЛІГІ» өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының жобасымен толықты. YouTube арнасындағы жаңа медиялық өнімнің негізгі миссиясы – өңір тұрғындары арасында бірлік, келісім және бейбітшілік идеясын нығайту. YouTube-арнасындағы «СЫР БІРЛІГІ» каналында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жасампаздыққа толы жылдарындағы ең айшықты және игілікті жұмыстары көрініс табады.