Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Сыр сұлуы». Қызылордада күріштің жаңа сорты өндіріске енгізілді

«Сыр сұлуы». Қызылордада күріштің жаңа сорты өндіріске енгізілді

 Биыл Сыр елінде 180 мың гектарға жуық жерге дәнді дақылдар егілетін болады. Осы дақылдардың ішіндегі 120 күн бойы суды қажет ететін күріштің жөні бір бөлек.
Енді диқандар үшін биылғы жылдың басты жаңалығы жергілікті тұзды жерге бейімделген жаңа күріш сорты болмақ. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты, тағамдық тұтыну сұранысын толық қанағаттандыратын, ауруларға төзімді, сапалы, мол өнім алуға болатын – «Сыр сұлуы» сортын өндіріске енгізді. 
Жаңа сұрып тұздылыққа, төмен температураларға төзімді және шығымдылығы жоғары. Ғылыми жан-жақты зерделенген сорттың биіктігі бір метрдей, 110 күнде пісетін дақыл болғандықтан шаруашылықтар үшін тиімді болмақ. Институт ғалымдарының 15 жылдық табанды ізденістерінің арқасында дүниеге келген бұл сорт жарты ғасыр қызмет етуге дайын екен.
Жалпы диқандар үшін тағы бір лайфхак. Жалағаш ауданындағы «Агрохимсервис-С» ЖШС-нің тыңайтқыштар және құрамында азот бар құрамаларды өңдеу зауыты шаруашылықтардың 80-90%-ға жуығын тыңайтқыштармен қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Зауыттың жалпы құны 400 млн теңге, өндіріс орнының қуаттылығы 120 тонна болса, қазіргі таңда 70-80 тонна өнім шығаруда.
Көктемгі дала жұмыстарының уақытылы басталып, сапалы жүргізілуіне тиісті шаралар қабылданған. 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны литріне 162 теңгеден жеткізілген.
Айта кету керек, көктемгі егіс науқанында шаруа қожалықтарына төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілген.

05 мамыр 2020 ж. 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 055 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам