Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Күріш өндірісінің көкжиегі

Күріш өндірісінің көкжиегі

  Сыр өңірінде бүгінгі күні күріш дақылын өсірудің өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Сондықтан өңір әлеуетінің артуы, ауыл адамдарының әл-ауқатының жақсаруы, аймақтың дамуы осы саланың өркендеуіне байланысты. Былтырғы егін орағы табысты болды. Қамқа астыққа толды. Ал, биылғы еңбектің нәтижесі қалай болмақ?
Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының алар орны бар. Аталмыш институтты ауылшаруашылығы өнеркәсіп кешенін дамыту 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай нақты атқарылатын іс-шаралар барысын нақтыланды. Судың тапшылығына байланысты шаруаларға қолайлы дақылдар егуге мән беріледі. Өңірде егілетін барлық дақыл көлемінде күріш алқаптары 50,2 пайыз үлесті қамтиды. Ол 2022 жылға қарай 40,6 пайызға дейін азаюы тиіс. Алайда, соған қарамастан Елбасы Жолдауындағы ауылшаруашылығы өндірісіндегі еңбек үлесін 2,5 есеге арттыру туралы тапсырмасына сәйкес, бүгінде ауыл шаруашылығындағы кез-келген дақылдың өнімділігін арттыру көзделуде.
Қазір ресейлік «Янтар», «Лидер», «Новатор» сорттары облыстағы күріш егістігінің басым бөлігін еншілейді. Ал, қалған көлемде отандық сорттар егілуде. Мәселен, «Маржан» сортының үлесі төмен түсіп кетуіне пирикуляриоз ауруына шалдығуы себеп болды. Фермерлердің бұл сорттан бас тартуының негізгі себебі бұл аурумен сол уақытта күресу шараларының жоқтығынан деп түсіндірді институт мамандары. Бірақ, ғалымдар қарап қалмады.
Айталық, биылдан бастап тәжірибелік алқаптарда өсірілетін «Ай-Керім», «Сыр сұлуы» деген екі сортқа назар аударыла бастады. Бұлар ресейлік сорттармен салыстырғанда анағұрлым тез пісіп жетіледі. Яғни, ол 110-115 күнде піседі. Ал, былтыр «Лидер» сорты ауа-райына байланысты пісіп үлгірмей, көп фермерлер шығынға батқандығы белгілі. Сондықтан ауа-райына да көңіл бөлу керектігі басты назарда.
Өткен жылы күрішшілер су тапшылығына қарамастан мол өнім жинады. Біздің өнім Моңғолия, Түркия және Ауғанстан нарықтарын игеруде. Сондай-ақ, өңірде дәстүрлі өнімнен бөлек Иранға экспортқа шығару үшін сол елдің сортын өсіру басталды. Қазіргі уақытта бірінші партияны 500 тонна ирандық күріш сортын келісі 810 теңгеден экспорттық бағадан 4 есе жоғары бағада жөнелту жөнінде келіссөздер жүргізілуде.
Егіншілікті дамыту суармалы жерлермен шектелгенін ескере отырып, мол өнім беретін және суды аз қажет ететін дақыл алқаптарын көбейтуге, мал шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету үшін жемдік және азықтық дәнді дақылдардың егістерін ұлғайтуға басымдық беріледі. Сонымен бірге, күріш егісі 3 мың гектарға кеміді. Ал, майлы дақылдар 8404 гектарға дейін ұлғайды. Бұл мақсары майын өндіруді ұйымдастыруға және өткен жылы бірінші рет осы өнімнің 50 тоннасын Қытай нарығына шығаруға мүмкіндік берді. Сол елге жыл сайын 2,4 мың тоннадан кем емес мақсары майын жеткізу бойынша келісімшарт жасалды. Осының есебінен өсімдік шаруашылығы өнімі экспортының 28 пайыз өсуін қамтамасыз етуге болады. Ал, биыл күріш егісін тағы 2171 гектарға азайтып, азықтық және көкөніс, бақша дақылы егіледі деп жоспарлануда.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
26 ақпан 2019 ж. 1 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 084 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам