COVID-19: Қызылорда облысында қауіпті індет жұқтырғандар саны 225 болды

« Соңғы тәулікте жаңадан 2 дерек анықталды. Екі науқаста - Қызылорда қаласынан. Олар бұрын індет жұқтырған адаммен байланыста болып, карантиндік бақылауда болғандар. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты, емдерін жалғастыруда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Құрметті облыс тұрғындары, вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Сондықтанда оқшауланып, шектеу шараларына мұқият болуға шақырамыз.