Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жол жақсысын жүргінші білер

Жол жақсысын жүргінші білер

Қаланың шет аймақ тұрғындарының ең өзекті мәселесі – инфрақұрылым ахуалы. Әсіресе, ескірген жол, сиқы қашқан көше талай жылғы «бас ауруына» айналып, әбден әбігерге салған еді. Бұл қиындық бұқараның өтінішін көбейтіп, шағымын молайтты. Шаһар басшысы мәселенің жуық арада толық шешім тауып, құрылыс басталатынын жеткізгенмен, тұрғындар көңілінде алаң сейілмей келеді. Оны аядай көшені аяқ алып жүре алмас батпаққа айналдырар көктемгі жауын мен «бес қонақтың» әуресі де ушықтыра түскен. Енді, міне, жыл басынан бергі жағымды жаңалық жоспарлы әрекетке ұласты. Соның бірі – Әл-Фараби ықшам ауданындағы жол жөндеу жұмысы.
Шеткері аймақтағы көшелерде құрылыс жүргізілетіні бұған дейін айтылып келді. Елдегі төтенше жағдай кезеңі белгіленген межені орындауға мүмкіндік бермесе де, оқшаулау режимі жеңілдеген орайда алғашқы қадам басталды. Жоспарға сәйкес, Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы 13 көшеге, қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі арқылы 18 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Біз де тұрғындардың жол сапа¬сына деген пікірін білу мақсатында ықшам аудандағы жұмыс барысымен танысып қайттық.
Қазіргі таңда жауапты мердігер мекемелер құрылыс жұмысын бастап кеткен. Арнайы техника мен қызметкерлер жұмыстың бел ортасына тақап, қарқынды үдету үстінде. Мәселен, «Ақнұр авто» ЖШС 575 метрді құрайтын «Әл-Фараби 8» көшесінде негізгі құрылыс жұмысын бітірсе, 1600 метрге жуық «Әл-Фараби 10» көшесіне дайындық шарасын бастап кеткен. Мекеменің бас инженері Бақытжан Кеңес жаңа жол жақында ел игілігіне берілетіндігін сүйіншілеп:
– Ел игілігіне бағытталған құрылыс қашанда жауапкер¬шілікті қажет етеді. Біз де артылған міндетті сапалы да, тиянақты орындауға күш саламыз. Қазіргі таңда, мөлтек аудандағы «Әл-Фараби 8» көшесінің жөндеу жұмысының 80 процентін бітірдік. «Әл-Фараби 10» көшесінің құ¬рылысын да таяу арада бастайтын боламыз. Тәжірибе мен білік жеткілікті. Сондықтан бекітілген мерзім аралығында жоспар орындалады деген сенімдемін, – деді.
Сонымен қатар, «Строй Сервис» ЖШС да ықшам аудандағы құрылыстың ертерек бітуіне ынталы екендігін білдірді. Мамандар сөзінше, мекеме 12 көшенің жол құрылысын жүргізуді қолға алған. Оның ішінде 2 көше – Әл-Фараби аумағына тиесілі. Жалпы ұзындығы 1114 метрді құрайтын «Әл-Фараби 13», «Әл-Фараби 12» көшесінің жол жөндеу жұмысы серіктестік тарапынан қарқынды жүргізілуде. Мұнан өзге, ықшам аудандағы Төлеубаев, Жұлдыз, Қожа көшелеріне де орташа жөндеу жұмысы басталған.
– Қазіргі кезде құм жаю, тас төсеу жұмысы басталды. Кестеге сай әрекет етсек, жарты айда міндеттелген жол құрылысын аяқтаймыз. Ол үшін қажетті мамандар мен техника қоры сақадай сай, – дейді бөлім басшысы Арман Иримбетов.
Бүгінге дейін «қала орталығындағыдай емес, шет аймақ болғаннан соң, кезегін күтіп қалды. Көшеге көңіл бөлінбейді» деген бұқараның мұң-мұқтажы жиі естілетін. Енді, міне, аталған жол құрылысы аяқталса, Әл-Фараби тұрғындарының, ұзақ жылғы түйткілді мәселесінің күрмеуі шешілмек. Берекелі іске жергілікті халық та разы. Себебі бұл қадам – ел тілегінің орындалуы, халық қалауының ескерілуі екені даусыз.
– Көшеге жөндеу жұмысы жүретінін естіп, қатты қуандық. Себебі, бұл кеше-бүгінгі қиындық емес. Бұрыннан алаңдататын мәселе еді. Жөндеу көрмеген жол көктем, күз айында – ми батпақ, жазда – шаңдақ болатын. Жаңбыр жауса, балалардың оқуға қатынауы мен үлкендердің жұмысқа баруы қиындайтын. Негізгі асфальт төселген көшеге дейін керзі етік киіп жететін күнді де бастан кешіргеніміз жасырын емес. Қаншама рет, шаһар басшысына, тиісті мекемеге де шағымданатын едік. Енді, міне, бүгінгі көшедегі жөндеу жұмысы оң шешім болғалы тұр. Сондықтан, барша тұрғындар атынан қала әкімшілігіне алғыс айтамын, – дейді «Әл-Фараби–8» көшесінің тұрғыны Сәния Ембердіқызы.
Әл-Фараби арман еткен қайырымды қала¬ның заманауи бейнесі тек тұрғындарды мәде¬ниеті мен білімінен емес, көшенің деңгейі әлеуметтік деңгейінен де көрініс берері белгілі. Сондықтан, Әл-Фараби атындағы ықшам аудан тұрғындарының түйінді мәселесінің күрмеуі шешім табуы, жол мәселесінің шешілуі – ұлы ғұлама мерейтойына жасалған ең үлкен тарту болғалы тұр.

Е.ШАМШАДИН
Суретті түсірген Н.НҰРЖАУБАЙ
26 мамыр 2020 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам