Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Лотерея өткізуге қатысты заң қабылданды

Лотерея өткізуге қатысты заң қабылданды


   
   Заңсыз лотерея өткізуге қатысты сенат арнайы заң қабылдады. Заңда лотерея операторынан немесе таратушыларынан басқа кез келген лотерея жарнамасына тыйым салу көзделеді. Парламент сенаты лотереялар және лотерея қызметі туралы заңды екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
   Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, заң жобасы лотереялық қызметті құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған. Құжатта лотерея операторы болып саналмайтын тұлғаның лотерея ойындарын жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.
     Жеке тұлғаларға – 100 АЕК, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 300 АЕК, орта бизнес үшін – 500 АЕК, ірі бизнес үшін 1 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
"Ал бір жыл ішінде қайталанып жасалған заңсыз іс-әрекеттер үшін жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 700 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК, ірі бизнес үшін 2 000 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылықтың табысы тәркіленеді", – деді Райымқұлова сенат отырысында.
   Сонымен қатар, лотерея операторымен немесе таратушыларымен (агенттерімен) орналастырылған жарнаманы қоспағанда, кез келген лотерея жарнамасына тыйым салынады.
   Үкіметтің 2017 жылғы қаулысымен "Сәтті Жұлдыз" АҚ лотерея операторы болып 15 жыл мерзімге белгіленді. Лотерея операторында 748 қызметкер жұмыс істейді.
   Министрдің ақпаратынша, республикада 3 мыңға жуық таратушы (агенттер) шағын және орта кәсіпкерлерден тұрады. Олармен келісімшарттар негізінде жұмыс жүргізіледі, яғни лотерея операторы лотереяның дұрыс жүргізілуіне және таратылуына тікелей өзі жауап береді. Таратушылар (агенттер) лотерея операторынан жалпы таратылған лотерея билеттерінің құнынан 6 процентке жоғары сыйақы алады.
   "Сәтті Жұлдыз" АҚ 24 жедел (оның ішінде 18-і электрондық) және 8 тиражды лотерея ойынын (оның ішінде 4-і электрондық) жүзеге асырады. 2017-2019 жылдар аралығында лотерея билеттерін сатудан түскен жалпы айналым 18,5 миллиард теңгені құраған.
    Сенат заңды екі оқылымда да қабылдап, президентке жіберді.

04 маусым 2020 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам