Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Елбасының ерен еңбегі өлшеусіз

Елбасының ерен еңбегі өлшеусіз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласында Елбасының жас мемлекетті аяққа тұрғызу жолындағы сындарлы саясатын айшықтап берген. Тұңғыш Президент – Елбасының Тәуелсіздігімізді алып азулы елдер қатарына қосылып, танылуымызға сіңірген еңбегі өлшеусіз екені баршаға аян. «Бүгінде барша әлем Қазақстанды қарқынды инте-грацияның қатысушысы және бейбіт ел ретінде біледі. Бұл – Елбасының ерен еңбегі мен ерекше көрегенділігінің нә¬ти¬жесі. Осы жолда ол АҚШ, Ресей, Қытай сияқты алпауыт елдердің, Еуропа, Азия елдері басшыларының бірнеше буынымен ресми-бейресми байланыс орнатып, Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орнын айқындауға айрықша еңбек сіңірді», – деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Расында, еліміз өзінің өркениетті даму жолында жетекші елдерді мойындатып, әлемдік көшбасшылардың қатарына енуі мықты басшының қажырлы еңбегінің жемісі.
Мемлекет басшысының өзі де осы сара жолды жалғап елімізді алға жетелеп, әлемді әбігерге салған қазіргідей күрделі кезеңнен сүрінбей өтуге бағытталған шешімдерімен ел алдында жасаған ерен еңбегін ертеңгі тарих мойындайды деп сенемін.


Эльвира Жәнібекова,
облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының
бөлім басшысы
02 шілде 2020 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам