Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бақылау сапаны бекемдейді

Бақылау сапаны бекемдейді

Қала әкімдігінің арнайы мониторингтік тобы қала аумағындағы  санитарлық – дезинфекциялық режим талаптарын бақылауды тұрақты жүргізіп келеді. Мобильдік топтың кезекті аралау жұмыстары №1 қалалық емханада жалғасты.
Онда бірінші кезекте тегін берілетін дәрілердің қорымен танысты. Бақылау барысында біршама олқылық анықталды. Атап айтар болсақ, емхана дәлізінде ине шаншар орын жоқ. Келушілер арақашықтықты сақтамаған. Мекеме әкімшілігі мұны пандемия кезіндегі ахуалмен байланыстырды.
Емхана жанынан арнайы мобильдік топ құрылған. Карантин кезінде емделушілерді өз мекен-жайларына барып арнайы медициналық тексеріс жүргізеді. Соған сәйкес ем-дом жасап жатқаны айтылды. Қажет болған жағдайда емхана қорынан дәрі – дәрмектер беріледі, – дейді дәрігер мамандар.
– Науқастардың шақыртуын азайту мақсатында көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Емханада онлайн кеңес беретін дәрігерлік пост бар. Қазіргі таңда, бірінші шілдеден бастап 5 мобильдік топ ашылып, жұмыс жасап отыр. Дәрігер барып, үй жағдайында емдеп жатырмыз, – дейді №1 қалалық емхананың бас дәрігері Рахима Сералиева.
Мамандардың айтуынша, былтыр осы емханада пнев­мониядан 51 адам тіркелсе, ағымдағы жылы осы уақыт аралығында 127 адам көмекке жүгінген.
– Үй жағдайында науқастардың емделіп жатқаны және дәрілер беріліп тұратынын тексеріп бақыладық. Халықтың арасында әлі де әлеуметтік қашықтық сақталмауда. Келіп – кетушілерден кейін тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Дезинфекция шараларын күшейту бойынша ұсыныстар берілді. Барлығы да халықтың денсаулығы үшін жасалып жатқан жұмыстар, – дейді арнайы мониторингтік топ жетекшісі Ләззат Бақтыбаева.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
14 шілде 2020 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам